ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көз тиюге сенесізбе?

Мұсылман дінін ұстанған жандар арнайы көз моншақ тағып,тіл көзден сақтайтын дұғаларын оқып сырт көзден аман қалған. Кішкентай балаларға,отбасы мүшелеріне тіпті үйге де көз тиеді.Көз тию жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Көз тию-ақиқат. Егер тағдырмен жарысқа түсе алатын бір нарсе болса,онда ол нәрсе көз тию болар еді (тағдырды өзгертер еді)» деген.Сонымен қоса көзі тигіш кісілерге үнемі Алладан жәрдем сұрап,сиынып, дұғаларын оқу керек екені де айтылған.Пайғамбарымыз(с.а.у.): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла,баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көзі тимейді»,-деген.

Көз тиюдің шындық екені-халық тәжірибесімен де ғылыми нәтижелермен де расталған құбылыс.Бұл туралы ғылымда биоөрісі әлсіз және мінезі ынжық адамдарға биоөрісі күшті және мінезі қатты кез келген адам көз тигізе алуы мүмкін.Көз тию-бұл бір адамның екінші адамға теріс биоэнергетикалық әсері.Ол көз тиген адамның қоршаған ортамен энергия алмасуын бұзады.Көз өткен адамының биоөрісінде энергетикалық «тесіктер» пайда болып,солар арқылы адам бойындағы энергия ағып кетеді. Психико-сарапшы Мәдина Қадышеваның пайымдауынша,теріс биоэнергетикалық әсерлерді анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар.Себебі,көз тию мен дуаның белгілері ұқсас екен.Бәрінен бұрың бұл айқын көрінетін психикалық және физикалық астения,шаршау,қажу,өзін-өзі ұстай алмау,шыдамсыздық,ұйқының бұзылуы,ұзақ дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетсіздік,қатты дыбыстары,өткір иістерді,жарықты жақтырмау.Психикалық белгілері, әдетте,қамығудан,ашуланшықтан,ерік-күшінің жартылай немесе толық жолығуынан көрінеді. Түрлі әдістермен көз тигенді анықтау барысында көз тиюдің түрлі жағдайларын анықтап жатады.Көз тиюдің негізгі себептері және қозғаушы күші адамдар арасындағы іштарлық,жағымсыз қарым-қатынас,жеккөрушілік және басқа теріс эмоциялар болып табылады.Көз тию әдейі жасалған және ойластырмаған болады. Құран-хадистер мен ғылымның тұжырымына сенсек көз,сөз тию адам бойындағы жағымсыз қасиеттің оған бой ұсынбауынан,халық сөзімен келтірсек жын-шәйтандардың азғыруынан болатын құбылыс.Демек,ол адамның өзіне байланысты болғаны.Егер, өзге жандардың жетістікке жеткенін көргенде сіз өз бойыңыздағы іштарлық пен қызғанышты сезінген болсаңыз,онда дереу ол қасиеттен арылғаныңыз жөн. Себебі,көз тигізу арты жақсылыққа апармайтын тым қасиетті,күрделі іс.