ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Орыс тілді аудиторияға арналған қазақша кино

Кино өзін комедия ретінде көрсеткісі келсе де, қарияларды ешкім жұмысқа алғысы келмейтіндігі, танымал болудың құнын, адамдардың барлығы еріккеннен хайп жасамайды деген әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қозғағысы келеді. Бұл түсірілім тобының қолынан қанщалықты сәтті шыққанына қатысты айтсам, 7/10 баллмен бағалар едім. Көрермендердің көпшілігі трейлеріне қарап, «Хм, қазір мен 1000 теңгеге билет алып, бір жарым сағат жыртылып күлемін» деп ойлауы мүмкін. Ал шындығында комедия сәл аздау. Кейде бір тамаққа тоймай қаламыз ғой, Аташка на хайпеден де шыққан соң юморға кішкене тоймағандай болып, «аштықты» басу үшін ютубтан Нұрлан Сабуровтың стендаптарын іздеп кетуіңіз әбден мүмкін.

Фильмнің плюстері: монтажы ұнады, Әбунасыр Серіковтың немересі үшін барын салуға дайын ата рөлі сәтті шыққан, 7 жасымда ауырып қалғанымда өзін қоярға жер таппай қиналған өз адамды есіме түсірді. Юмор. Ол аз болса да, Нұртас Адамбай сияқты «мынау негізі еркек, бірақ бұл кинода қатын боп ойнайды, өйткені бұл комедия, енді осыған күліңдер» демей, оригинал юморды көрсетуге тырысқан.

Минустары: Өз-өздерін сомдаған (бұл сөзді«өз-өздерін жарнамалаған әртістер» деп оқысаңыз да болады) вайнерлердің шамадан тыс көптігі киноны құртып тұрған секілді.

Кімдерге ұсынамын?

Жалпы отбасымен көруге болады. Ең дұрысы, алғаш танысқан, әлі бір-бірін онша білмейтін қыз бен жігіт бірге барып көргені дұрыс. Себебі, фильм әр түрлі тақырыпты қозғайды, сәйкесінше, екі жастың кинодан кейін талқылайтын ортақ әңгімесі де ұзаққа созылады деген сөз.

Жалпы, фильм жаман емес, 6,5/10.

Көрсетілімге шақырған Sulpak Cinema компаниясына алғысымды білдіремін.