Студенттерге арналған онлайн-дәрістер жалғасуда
2020 жылдың 23 сәуір күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.Онлайн-дәріске М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Т.М.Дәрішова, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Д.Ж.Танзенов және 1,2 және 3 курс студенттері қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.Қазақстан мемлекеттік…