"Кішкентай қорапты сатып алу арман болып қалады"
Отандасымыз құрылыс компанияларын дағдарыс кезінде бағаларын көтермеуді сұрады Қытайда тұратын жерлесіміз Алдияр Жұмажанов барлық отандық құрылыс компанияларын баспана бағасын көтермеуді сұрады. Оның айтуынша, әрбір тиынын титықтап жинаған халық енді одан сайын кедейлене түседі, ал қалада кішкентай бір пәтер алудың өзі арман болып қалады. Аспанасты елінің жетекші IT компанияларының бірінде жұмыс істейтін жігіт халыққа жанашырлық танытуды сұрайды. Алдияр отандық құрылыс компанияларынан ең құрмағанда карантин кезінде бағаларды ауыздықтауды сұрайды. Осылайша олар өз жеріне деген жанашырлықты іс жүзінде дәлелдей алады дейді ол. Оның айтуынша, бәлкім бұрыннан бері баспаналы болуды жоспрлап жүрген қарапайым тұрғындар осы мүмкіндікті пайдаланып қалар. "Кейбір отандық құрылыс компанияларының баға…