Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Студенттерге арналған онлайн-дәрістер жалғасуда

2020 жылдың 23 сәуір күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.

Онлайн-дәріске М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Т.М.Дәрішова, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Д.Ж.Танзенов және 1,2 және 3 курс студенттері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

Дәріс барысында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин Департаментпен жүргізіліп жатырған алдын-алу шараларына, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде Агенттікпен жүзеге асырылып жатырған «AntikorLive» жобасына тоқталды.

«AntikorLive» жобасы аясында күн сайын сағат 11.00-де Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері), «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Ө.Салиева (сейсенбі күні) және Арнайы мониторингтік тобының басшысы В.С.Колпаков (бейсенбі күні) тікелей эфирде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы ақпараттандырып, әлеуметтік желілері қолданушылардың сұрақтарына жауап беруде.

Студенттер үшін онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
240

Осы тақырып бойынша

Студенттерге арналған онлайн-дәрістер жалғасуда - Yvision.kz