TALQYLAU сарапшылары «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі ұсыныстарды талқылады
📷📷«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабында TALQYLAU диалог алаңының кезекті отырысы өтіп, онда «Еңбек адамы: алғашқы жалақыдан зейнетақыға дейін» тақырыбында сараптамалық талқылау жүргізілді.📷📷Пікірталас аясында спикерлер еңбек нарығының ертеңін, өңірлерде кадр саясатына қатысты жүйелі жұмыс жүргізілмейтінін, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін және т. б. талқылады.📷📷ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған жұмыссыздық мәселесін шешу, еңбек қауіпсіздігі және оның қорғалуы қағидаларын қатаңдату, «жұмыс істеп тұрған кедейлік» құбылысын жою және т. б. шараларды талдады.📷📷Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Динара Сәдуақасова балалар мен жасөспірімдерді еңб…
