Мазмұнға өту

Жаңа

Тілсіз жаудан үйінен айырылып қалған отбасына азық-түлік, киім , керек жарақтармен көмек көрсетілді.

Жастар орталығы «Nur Otan» партиясымен ,округ нұсқаушысы жəне еріктілермен бірге, Междуреченск ауылдық округіндегі тілсіз жаудан уйінен айырылып қалған отбасының хал ахуалын сұрап, азық-түлік, киім кешек, үйге керек жарақтармен көмек көрсетіп қайтты.

1
0
195

Індеттің кең таралуына байланысты, сақтық шаралары жайлы түсіндірме жүргізіп, парақшаларды таратты.

Іле ауданы жастар ресурстық орталығы , Партиялық бақылау комиссиясы , Іле ауданы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, жаз айларында табиғат аясына шыққан кезде қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік жадынамаларын таратты. Қазіргі таңда індеттің кең таралуына байланысты, жастар орталығы мамандары сақтық шаралары жайлы түсіндірме жүргізіп, парақшаларды таратты.

1
0
145

«Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе»

2020 жылдың 10 тамыз күні облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында «Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру мен арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының секциялық отырысы өткізілді.Шараның мақсаты – педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы инновациялық ортаны қалыптастыру және қашықтықтан оқыту бойынша сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігін арттыру, цифрландыру бағытында жаңаша жүргізілетін жұмыстарға бағыт беру болып табылады.Секция жұмысына Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру ұйымдарына басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлер…

1
0
364

Ахуал кезінде маңызды көмек

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Алакөл аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ. Көкебаев және аудандық маслихат депутаттары- депутаттық фракция мүшелері А. Сләмов, Е. Абдрахманов, С.Жабжанов, Қ.Қатыкбаев, С.Қарабеков, В. Игнатченко, Е. Жуанышбаев, Ө. Қойшыманов аудандық орталық ауруханаға 2 тыныс алу аппаратын, 5 обаға қарсы костюм комплектісімен,2 кондиционер, 1 ноутбук, 1 компьютер, 5 тонометр, 50 дана пульсокиметр мен глюкометрлер табыс етті.

2
1
349

Абайға құрмет - ұрпақ парызы!

Абайға құрмет - ұрпақ парызы! Талдықорғанда жас дизайнерлер Абай муралын салып бастады. Ұлы ақын портреті бірнеше күннен кейін толық аяқталмақ. Енді Қаратал шағын ауданының өз Абайы болады. Ұлы ақынның өзі сынды биік, көркем, кемеңгер. Заңғар ақын суреті зәулім үй қабырғасына салынып жатыр. Эскиз авторы Еркеғали Иманғали. Суретшінің айтуынша, тек нобайын сызуға 2 аптадай уақыт кеткен. Абай бейнесі толығымен салынып біту үшін 1аптаға жуық уақыт кетеді екен. Ал, толыққанды бояуына 100 құтыдан астам бояу жұмсалады. Жалпы, бұл мурал - жас суретшінің екі көмекшісімен бірлесіп жасап жатқан Талдықорғандағы екінші ірі жобасы. Жас суретші бұған дейін коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге арнап мурал салған. Оған дейін бірнеше граффити салғанымен облыс орталығындағы алғашқы жұмыстарын б…

0
0
204

Қоғамдық бірлестіктермен онлайн конференция

2020 жылғы 7 тамызда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова «Сәби-Арқалық» қоғамдық бірлестіктерінің, «Аманат» Арқалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ, «Лисаков мүгедектердің ерікті қоғамы» филиалы, «Рудный мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ өкілдерімен онлайн конференцияға қатысты.Мақсаты-департамент қызметкерлері тарапынан қызметтік әдепті бұзудың алдын алу, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңдары бойынша кеңес беру.Сөз сөйлеу барысында Ә.Р. Айтуарова әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы, онлайн кеңес алу мүмкіндігі туралы, Департаменттің әлеуметтік желілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, тыңдаушылардың назары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметш…

0
0
203

Қоғамдық бірлестіктермен оn-line кездесу

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мақсатты аудиторияның хабардар болуын арттыру мақсатында, Департаменттің әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің мамандарымен бірлесіп ағымдағы жылдың 10 тамызында Әулиекөл, Қостанай, Меңдіқара аудандары мен Бейімбет Майлин ауданының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен "Мүгедектіктің өзекті мәселелері" кезекті on-line конференциясын өткізді. Конференция жұмысына халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бөлімнің бас маманы А.А. Турганова, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ә. Р. Айтуарова қатысты. Қоғамдық бірле…

0
0
226