Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.

https://www.facebook.com/100034730626537/videos/342684363565915/

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді» (Ж.Ысмағұлов). "Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Абай өміріне шолу" Оқыған: аудандық мәдениет үйінің режиссеры Қайрат Құдайберген.

1
0
205

Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні болып белгіленді

Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні болып белгіленді ⠀ Абай Құнанбайұлының туған күні 10 тамыз – елімізде Абай күні болып белгіленді. Үкімет қаулысымен аталмыш күн мерекелік күнтізбеге енген. Биыл Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толады. #Abai175

1
0
148

Партиямен байланыста болу үшін,партия праймеризі бойынша қойылатын сауалдарыңыз болса...

Құрметті жетісулықтар! Партиямен байланыста болу үшін, сонымен қатар, партия праймеризі бойынша қойылатын сауалдарыңыз болса, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалына немесе Өз аудан-қалаңызда орналасқан партия филиалына хабарлассаңыз болады.

1
0
129

06.08.2020 ж. "Праймериз"ақпараттық жүйесінің және оның мобильді қосымшасының жұмыс тәртібі бойынша

06.08.2020 ж. "Праймериз" ақпараттық жүйесінің және оның мобильді қосымшасының жұмыс тәртібі бойынша аудандық филиал қызметкерлері және ұйымдастыру комитеті мүшелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

1
0
169

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы БПҰ-мен праймеризді өткізу бойынша онлайн-жиын

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы БПҰ-мен праймеризді өткізу бойынша онлайн-жиын

2020 жылғы 05 тамыз күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында БПҰ төрағаларының қатысуымен онлайн жиын өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев жүргізді. А.Қожабекұлы күн тәртібіне орай БПҰ-да ішкі партиялық іріктеуге(праймериз) партия мүшелерінің қатысуы, олардың арасында үгіт-насихат жұмыстарының ұйымдастырылуы, праймеризді ұйымдастырудың міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері бойынша қысқаша түсіндіріп, хабарлама жасады. Жиын барысында праймеризді ұйымдастыру бойынша өзара мәселелер талқыланып, жұмыстардың жоспарлы орындалуы үшін нақты тапсырмалар берілді.

1
0
162

«Nur Otan» тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «111» байланыс орталығын іске қосты

«Nur Otan» тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «111» байланыс орталығын іске қостыОсы жылдың қыркүйек айынан бастап балалар мен ересектер «111 жедел қызметіне» балалардың құқығы бұзылған кез келген жағдай мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша жүгіне алады. Аталған қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және оған келіп түскен барлық хабарламалар мен өтініштер құпия сақталады. Call-орталық «Nur Otan» партиясының жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылды.Кеңес төрағасы Динара Закиеваның айтуынша, балаларға қатысты жылына 2000-нан астам қылмыс тіркеледі, оның 700-ге жуығы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалады. Ең өкініштісі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 60%-ы отбасында орын алады.«Балалар мен ересект…

1
0
155