Абайға құрмет - ұрпақ парызы!
Абайға құрмет - ұрпақ парызы! Талдықорғанда жас дизайнерлер Абай муралын салып бастады. Ұлы ақын портреті бірнеше күннен кейін толық аяқталмақ.
Енді Қаратал шағын ауданының өз Абайы болады. Ұлы ақынның өзі сынды биік, көркем, кемеңгер. Заңғар ақын суреті зәулім үй қабырғасына салынып жатыр. Эскиз авторы Еркеғали Иманғали. Суретшінің айтуынша, тек нобайын сызуға 2 аптадай уақыт кеткен.
Абай бейнесі толығымен салынып біту үшін 1аптаға жуық уақыт кетеді екен. Ал, толыққанды бояуына 100 құтыдан астам бояу жұмсалады. Жалпы, бұл мурал - жас суретшінің екі көмекшісімен бірлесіп жасап жатқан Талдықорғандағы екінші ірі жобасы.
Жас суретші бұған дейін коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге арнап мурал салған. Оған дейін бірнеше граффити салғанымен облыс орталығындағы алғашқы жұмыстарын бастап жатыр.
Талдықорғанда мұндай мурал салуды жас дизайнер ұзақ уақыт қарастырады. Артынша, облыстық "Рухани жаңғыру" орталығынан қолдау тауып, өткен апталарда жұмысқа кірісіп кеткен. Жұмыстарына еш ақы алмайды. Тек облыс орталығының гүлденуіне септігімізді тигізсек болғаны,-дейді.
