Мазмұнға өту

Жаңа

Праймериз: Алматы облысынан партияішілік іріктеуге кімдер қатысады?

Олардың қатарында көп балалы аналар, белсенді жастар, көшбасшы әйелдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тағысын тағылар бар. Нәзікжандылар праймеризде белсенді, партияішілік іріктеуге қатысушылардың 36,4 пайызын әйелдер құрайды. Бүгінде саяси додаға қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарына дайындалуда. Оның ішінде насихаттық уақытта өткізілетін шараларды пысықтап, арнайы штаб құрып, өз өкілдерін сайлап жатыр. 7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Әр кандидат қал-қадірінше өз бағдарламасын түсіндіріп, өзін сайлауға ниеттілердің қатарын толықтыруға қарекет қылады. Мұнан соң, яғни 1-3 қазанда дауыс беру кезеңі басталады. Егер Сіз партия мүшесі болсаңыз үйден шықпай-ақ дауыс бере алатын мүмкіндік жасалды. Кандидаттарға онлайн түрде primaries.kz веб-порталымен және саяси науқанға орай әзірлен…

0
0
329

Жас түлектің қанатын қомдады

Партия тарапы ешкімді елеусіз қалдырмайды. Қал-қадірінше жәрдем беріп, қолдау көрсетеді. Мәселені шешудің бар тетігін қарайды. Жуырда «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалына көп балалы ана З.Акибаева келіп, мазалаған мәселесін ақтарып салды. Азаматшаның айтуына сүйенсек, баласы жуырда алтын ұя мектепті тәмамдап, жоғары оқу орнына түсуге ұмтылады. Жағдай мен жайдың әсері ме, жас түлек І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне грант негіздегі оқуға тапсырады, бірақ оқуға түсе алмайды. З.Акибаева баласын өзі-ақ ақылы оқытар еді, жуырда ғана асыраушысынан және екі қызынан айрылған соң, отбасын қажетімен қамтамасыз ету мүлдем қиындай түскен. Басындағы тауқыметін айтып, филиал өкілдерінен баласын ақысыз түрде колледжге болса да оқуға түсіруге мұрындық болуды сұрай кепті. «Nu…

0
0
345

Ақсулықтар қайыр қылды

Жан-жағында тұрмысы төмен, жағдайы ауыр кісілерге қол ұшын созып, ауылдың түрленуіне, түлеуіне атсалысады. Ауылында, туған жерінде қажеттілігі көп, жағдайы төмен кісілер болса, азаматына сын. Бұл нақылдың астары қайырымдылыққа тіреледі. «Nur Otan» партиясы сапында өлкесінің жайқалуына, сол өлкенің тұрғындарының жайнап жүруіне атсалысатын, нағыз патриоттар бар. Сол ұлтжанды, мемлекетшіл кісілер қайырымдылық акцияларын әрдайым жандандырып жүреді. Ақсу ауданына қарасты "Қарашілік" БПҰ төрағасы Ы.Ғазизұлы мен бастауыш партия мүшелері аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларының жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау мақсатында 2 отбасына көмек көрсетті. Мұндай қолдауға жұртшылық разылығын білдірді.

0
0
160

Құрметті Жетісулықтар!

Ел тәуелсіздігінің кепілі - Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді. Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін. Ізгі тілекпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Жанболат Жөргенбаев

0
0
215

Праймериз: Алматы облысында 1108 үміткердің өтініші тіркелді

Осы ретте, Алматы облысынан 1108 азаматтың өтініші тіркеліп, ендігі кезекте үміткерлер үлкен додаға қатыспақ. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 25% жастар құрап отыр. Сонымен қатар, үміткерлер қатарында көпбалалы аналар, қандастар, мүмкіндігі шектеулі жандарда өтінім білдірген. Қатысушылар ҚР Парламент Мәжілісіне сонымен қатар, облыстық, аудан-қалалық мәслихатқа үміткер болу санаты бойынша праймериз арқылы бағын сынамақ. Ендігі кезек, үміткерлер үгіт-насихат жұмысымен дайындықтарын пысықтап, партия мүшелерімен кездесулерге, пікір сайысқа қатысады. Жалпы, праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 3,8 үміткерден айналып отыр. Бұл үлкен бәсекелестікті тудыратыны анық. Соңғы кезең 1-3 қазан күндері жетісулық 92 мыңнан астам нұротандықтар үміткерлерге өз дау…

0
0
181

Жұмыссыздық мәселесі шешімін табуда

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы жұмыссыздықпен күресте игі ықпалын тигізіп отыр. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 2020 жылдың жеті айында нақты 38 726 жұмыс орны құрылды. Жалпы жылдық жоспар 46 116 болғанын ескерсек, жоспар 84% орындалған. Соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде - 22612, жеке бастамалар бойынша – 16114 жұмыс орны құрылды.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі, яғни 3426-сы ауыл шаруашылығына және 4110-ы құрылыс саласына тиесілі. Төтенше жағдай режимі кезінде де егіс алқаптары мен құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтаусыз жүріп жатты. Сондықтан жұмыспен қамтуда осы екі саланың алда болуы…

0
0
157

Дала даңғайырлары қыс қамына кірісті

Бүгінге 263 мың га дәнді-масақты дақыл (56%), 438 мың тонна дәнді дақыл жиналды, орташа өнімділік гектарға шаққанда 16,7 центнерді құрап отыр. Астықты сыйымдылығы 771 мың тонна болатын 265 астық қоймасы қабылдауда, оның ішінде 58,6 мың тонналық 2 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны да бар.Қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген, 500 мың тонна өнім алып, 48 мың тоннадан астам қант шығару жоспарланған. Бүгінге Ақсу және Көксу қант зауыттары толығымен дайын, қант қызылшасын қабылдау қыркүйектің 2-ші кезеңінен басталады.Сонымен қатар шаруа қожалықтары картоп жинауға да кірісті. Биыл орташа өнімділік 176,1 ц/га құрап отыр, бұл өткен жылға қарағанда сәл жоғары. Бүгінгі күні картоп егілген 40,3 мың га жердің 8,6 мың гектары жиналып, одан 150,8 мың тонна өнім алынды.Бүгінге қажеттінің 75,…

0
0
261

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

0
0
164

Ата заңды партия филиалы өкілдері асқақтатты

«Айбарлы асқар елдің Ата заңы» атаулы шараның шымылдығын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев ашып, филиал өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтады. Содан соң Әнұран ойналды. - Ата заң – ұлттығымыздың айғағы, егемендігіміздің тірегі. Ширек ғасыр бұрын тарихи қадам жасалып, елдің Конституциясы тұғырына қонды. Тұғырлы еліміздің Ата заңын қастерлеу арқылы оның құндылығын асқақтата түсеміз. Әлем жұртшылығы Қазақстанның атауын мәңгі естуге жазсын, - деді Ж.Әкебайұлы.Мұнан соң партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаеваны, филиалдың бірыңғай персоналды басқару жөніндегі консультанты Д.Аналдинованы марапаттады. Марапат легі бірқатар қызметке…

0
0
172