Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Праймериз: Алматы облысында 1108 үміткердің өтініші тіркелді

Осы ретте, Алматы облысынан 1108 азаматтың өтініші тіркеліп, ендігі кезекте үміткерлер үлкен додаға қатыспақ. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 25% жастар құрап отыр. Сонымен қатар, үміткерлер қатарында көпбалалы аналар, қандастар, мүмкіндігі шектеулі жандарда өтінім білдірген. Қатысушылар ҚР Парламент Мәжілісіне сонымен қатар, облыстық, аудан-қалалық мәслихатқа үміткер болу санаты бойынша праймериз арқылы бағын сынамақ. Ендігі кезек, үміткерлер үгіт-насихат жұмысымен дайындықтарын пысықтап, партия мүшелерімен кездесулерге, пікір сайысқа қатысады. Жалпы, праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 3,8 үміткерден айналып отыр. Бұл үлкен бәсекелестікті тудыратыны анық. Соңғы кезең 1-3 қазан күндері жетісулық 92 мыңнан астам нұротандықтар үміткерлерге өз дауыстарын primaries.kz веб-порталы, мобильді қосымша, дауыс беру учаскелерінде онлайн кабинка немесе бюлеттендер арқылы үміткерлерге өз дауыстарын береді.

0
0
142

Осы тақырып бойынша