Мазмұнға өту

Жаңа

2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жаңғыртылады

Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты. «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек. Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жариялады.

0
0
157

Ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл жайында ел Президенті дәстүрлі Жолдауында сөз етті.

Бұл мақсатта 1,2 трлн теңге бөлінді. Ұстаздардың жалақысы болашақта да көтеріліп отырады. 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
151

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
184

Жыл соңына дейін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң әзірленеді

Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса, толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың 3/1-не жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз, - деді Президент дәстүрлі Жолдауында

0
0
206

Президент мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік секторды қысқарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Қорытынды бойынша және цирфландыру нәтижелеріне сәйкес, одан әрі қысқарту бойынша шешім қабылдаймыз. Қысқарту есебінен қалған мемлекеттік органдардың жалақысын көтеруге жұмсалады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
200

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында пандемия кезінде аянбай еңбек еткендерге алғыс айтты

Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру – маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай кезде бейжай қалмаған барша азаматқа шын жүректен алғыс айтамын, - деді Президент дәстүрлі Жолдауында

0
0
170

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі жолдауы

Президентіміз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі жолдауы қазақ халқы мұңаймай, қуанып, болашақта жаңа белестерге шығуына айқындалған жол.Екіншіден, әр саладағы бар кемшіліктер ашық айтылды. Оларды қалыпқа келтіру мүмкіндіктері мол екенін көрсетіп, әр қазақстандықты тәртіпке шақырды.Үшіншіден, болашағымыз ұрпақта екеніне тоқтап, әр 6-шы әйел бала көтеруге жарамсыз болғандықтан, барлық қолайлы медициналық жәрдем жасауды талап етті.Төртіншіден, ата-бабамызды кезінде сақтап, бізге азық беретін төрт-түлікті өсіру басты жұмыс екенін, оған қажетті жағдайлар жасауды тапсырды.Бесіншіден, алдағы мақсаттарды орындау әр адамның, әсіресе жастардың әділ, адал, шыншыл болуы. Ол үшін нақты білімді іздеу, теріс бағытқа тартатындарға қарсы тұру күнделікті ісіміз болуы шарт екеніне тоқталды.Сондықтан,…

0
0
302