"Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі"
Бүгін 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа жолдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды.Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес деді. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін "арзан несиенің" болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп,өмір сапасын биік деңгейге көтеруге шақырып отыр. Қолдау бізден.
