Мазмұнға өту

Жаңа

Проза шежіресі

Біздің кітапхана 65 жылдан бері оқырмандарына кітап таңдауға көмектесіп келеді. Жаңа кітаптар үнемі түсіп тұрады. Кітаптардың көп болғаны жақсы, бірақ өзіңе «міне менікі» деген кітапты таңдау қиын. Сондықтан оқырмандарымызға көмектесу үшін біз МИФ баспасынан (Манн, Иванов және Фербер) Проза шежіресін қарап, оны өз қорымызға сәйкестендіріп, жасап қойдық.

Бұтақтар – бұл тақырыптар, жанрлар, бағыттар. Өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз. Әр бұтақта біздің кітапхананың көптен бергі тұрғындары мен жаңадан келген кітаптар да бар. Сізге кез келген кітаптан бастасңыз болады. Ағашқа сіз оқыған немесе енді оқығыңыз келетін тақырып бойынша кітаптарыңызды қоса аласыз. Бұл ағаш сіздің көмегіңізбен өседі, келіңіз және оны толықтырыңыз.

0
0
898

«Таңғажайып Шоко»: Жазушы Рүстем Сауытбаймен онлайн-кездесу

Қазақ тілінде алғаш фэнтези жанрына қалам тербеген жазушы - Рүстем Сауытбай. Кітапхана қабырғасында 10 сәуірде оқырмандар сүйікті жазушысымен онлайн-кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге қаламыздың М. Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ-нің 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандар жазушыға кітап бойынша, жеке өмірі туралы, балалық шағы туралы әртүрлі сұрақтар қойды. Әңгіме барысында жазушының негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі екенін білді. Бұл балалар үшін жаңалық болды. Іс-шара соңында Рүстем Серікұлы балаларға жақсы тілегін айтып, балалар да ол кісіге шығармашылық табыс тілеп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

0
0
940

Жалпы орта мектептің оқу-тәрбие үдерісінде әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі

Қоғамда кәмелетке толмаған балалардың келеңсіз әрекеттері - отбасының ғана емес, басқа да қоғамдық және мемлекеттік институттардың - клубтардың, үйірмелердің және өзге де орталықтарының тәрбиелік – алдын алу жұмыстарының әлсізденуіне әкеліп отыр. Алдын алу жұмыстарын кешенді, жүйелі ұйымдастырылған жоспары педагогтан біліктілік деңгейін үздіксіз арттыруды талап етеді.Дүниеге қиын бала болып туылмайды, олар өсе келе қалыптасады. Оқу-тәрбие процесінде қиын балалардың пайда болуы, мұғалімнің қалай жұмыс жасайтынына, оқу-тәрбие жұмысын қалай жүргізетініне және тиімді тәжірибелік технологияларды қолданатынына байланысты. Себебі, білім берудегі жетістіктері мен түпкілікті нәтижелері сауатты, құзіреттілікке негізделген тәсілге байланысты. Оқушылардың іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруда, түрлі пе…

0
0
394

«Жыл он екі ай»: 4 мезгіл басылым беттерінде (бейнеақпарат)

Жыл мезгілдері төрт маусымға бөлінеді-көктем, жаз, күз, қыс, әрқайсысында үш күнтізбелік ай. Мұны біз бала кезімізден білеміз және әр маусымда оған тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өзіншекеремет екенін мойындау қажет.

Бұл бейнебаяндарда қазіргі таңда көпшіліктеріміздің біле білмейтін немесе ұмытылып келе жатқан әр мезгілге байланысты бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған ырым-жоралғылары жинақталған.

Ақпараттар балалаларға арналған «Жыл он екі ай» журналының беттерінен алынған.

0
0
815

Жетісу облысында мемлекеттік қызмет бағытындағы бірқатар сұрақ талқыланды

07.04.2022ж. Департамент басшысының орынбасары А.С. Мейірханова төрағалығымен облысымыздың жергілікті атқарушы, жергілікті өкілетті органдарының мемлекеттік қызметтегі кадр мәселелерін талқылау және түсіндіру мақсатында ZOOM платформасы арқылы вебинар-жиналыс өткізілді.Іс-шараға аудан/қала әкімдіктерінің, аппарат маслихаттарының, басқармалардың өкілдері қатысты.Жиналыс барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы С.Б. Тараков мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы соңғы өзгерістер, кадрлық іріктеудегі орын алып отырған жаңалықтардан хабардар етті. Соңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филил директоры Б.Н. Злобин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура, докторантура білім б…

0
0
591

Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Шара шеңберінде ұйымдастырылған сессиялар және ғылыми пікірталастарда бірнеше бағыт қамтылды: заманауи білім берудегі цифрлық орта; жаппай ашық онлайн курстары, тұрақты даму – жаһандық тренд және медиа талабы, қазіргі журналистер қызметіндегі этикалық индикаторлар; инклюзивті білім беру технологиялары және өзгерістерді жобалау; қоғамның тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудағы БАҚ, этножурналистика кросс-мәдени коммуникацияның жаңа форматы; т…

0
0
486

EuroVelo & Cycling Tourism Conference Измирде өтеді

Бұл шараға еуропалық велотуризм индустриясының барлық ойыншылары қатысады. Измир өзінің керемет ежелгі қалаларымен, ерекше табиғи ландшафттарымен, әдемі жағалау сызығымен және көптеген велосипед жолдарымен ерекшеленеді.EuroVelo (European Cycling Network) және Еуропа бойынша велоспорт туризмін ілгерілету үшін ұйымдастырылған EuroVelo & Cycling Tourism конференциясы 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында Измирде өтеді. Bike Friendly сертификаты бар қонақүйлердің артықшылықтарын пайдаланыңыз.2012 жылдан бастап әртүрлі елдерде екі жылда бір рет өткізілетін EuroVelo & Cycling Tourism конференциясы қызығушылық пен келушілердің артуына байланысты биыл жыл сайынғы шараға айналады. 2023 жылғы конференция Измирде өтеді, бұл шараны өткізетін Түркиядағы алғашқы қала және EuroVelo 8 – Жерорта теңізі бағы…

0
0
452

Стамбулдағы бұл мұражайлар тек балаларға арналған

Аталған музейлер 23 сәуір – Түркияның Ұлттық егемендік күні мен Балаларды қорғау күніне дайындықжүргізіп жатыр. Балаларға арналған әлемдегі жалғыз ойын алаңы, 23 сәуір, Ұлттық балаларды қорғау күні балалар мен ата-аналарға Ыстамбұлдағы осы қызықты мекемелерді тамашалауға мүмкіндік береді.Ұшақтар, автомобильдер және т.б.: Рахми М. Кох мұражайы 1994 жылы ашылған Рахми М.Коч мұражайы Стамбулдағы бірегей мұражайлардың бірі болып табылады. Алтын мүйіздің жағасындағы Хаскойда орналасқан бұл мұражай Түркиядағы көлік, өнеркәсіп және коммуникация тарихына арналған жалғыз ірі мұражай саналады. Мұражай классикалық автомобильдер, алғашқы трамвайлар, қайықтар, винтаждық ұшақтар, пароходтар және пенни фартингтері (велосипедтердің алғашқы түрлері) бар экспонаттармен өткен шаққа саяхат жасайды. Келушілер…

0
0
420

"МамаPro" жобасы мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына қолдау білдіреді

Осы ретте, "Мамапро" жобасы мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. "Мамапро" жобасының мақсаты — ерекше балалардың анасына жұмыс табуға жәрдемдесумен бірге оған кәсіп жүргізуге қажет дағдыларды қалыптастыру. Аналар мұнда "Кәсіп жүргізу негіздері" және психологиялық көмек" курстарына қатыса алады.Жақында Алматы қаласында «Мама Про» жобасының екінші офисі ашылмақ. Осыған дейін кәсіпкерлік курсында 11 лек оқылды. соның ішінде, кәсіпкерлік курсы алғаш рет қазақ тілінде өтілу жоспарлануда. Әрбір лекте шамамен 15-20 ана тәлім алады. Сабақтар екі ай бойы жүргізіледі. Барлығы тегін. Аналар жобаға қатысып, бір-бірінен психологиялық қолдау алады, бақытты, табысты болуға әрқашан мүмкіндік бар екенін түсінеді. Осы ретте, сіздерге аздаған хабарлама. 2023 жылдың 10 сәуір…

0
0
504

Бесіген де, кәсібін де ұмытпаған нәзік жан

Ал бүгінгі шындық басқаша: қазіргі іскер әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен кәсібін жүргізіп, несібесін тауып отыр. Ерімен бірге елге пайдасын тигізіп жүрген нәзік жандылар көп. Солардың бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Джумадилдаева Жансая. «Еңбектiң көзiн тапқан, байлықтың өзiн табады» деген көне тәмсiл тұғырынан еш тайған емес. Бейбіт қоғамда бейнетшіл барлық мүмкіндік бар. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түліктің соңына түссеңіз де, кәсіп ашып нәпақа табамын десеңіз де ешкім бетіңізден қақпайды. Тек бойыңыздағы жалқаулықты жеңіп, жоспарлы жұмыс істесеңіз болғаны. Қайта адал еңбек адамды нұрландыра түседi. Іспен айналысу кез келгеннің қолынан келетін дүние. Бастысы – ниет керек" – дейді Жансая ханым.Бүгінде хит болған «Шоколадты құлпынайдың» дәмін татып көрген…

0
0
563