Бесіген де, кәсібін де ұмытпаған нәзік жан
Ал бүгінгі шындық басқаша: қазіргі іскер әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен кәсібін жүргізіп, несібесін тауып отыр. Ерімен бірге елге пайдасын тигізіп жүрген нәзік жандылар көп. Солардың бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Джумадилдаева Жансая.

«Еңбектiң көзiн тапқан, байлықтың өзiн табады» деген көне тәмсiл тұғырынан еш тайған емес. Бейбіт қоғамда бейнетшіл барлық мүмкіндік бар. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түліктің соңына түссеңіз де, кәсіп ашып нәпақа табамын десеңіз де ешкім бетіңізден қақпайды. Тек бойыңыздағы жалқаулықты жеңіп, жоспарлы жұмыс істесеңіз болғаны. Қайта адал еңбек адамды нұрландыра түседi.

Іспен айналысу кез келгеннің қолынан келетін дүние. Бастысы – ниет керек" – дейді Жансая ханым.
Бүгінде хит болған «Шоколадты құлпынайдың» дәмін татып көрген боларсыз? Бұл жай ғана қып-қызыл жидек емес, шоколадқа малынған, қорапқа салынған, өте әдемі орамадағы құлпынай. Кәсіптің бұл түрі енді ғана жанданып келе жатқандықтан, қазірде көп жерден табылады. Дегенмен, сапасы қалай екен деп біздің редакция да өз кезегінде «шоколадты құлпынайға» тапсырыс беріп, дәмін де таттық. Онсызда дәмі тіл үйірер құлпынай шоколадпен қапталғанда тіптен ерекше болады екен.

- Жансая ханым, қазіргі кезде тәттілер кәсібімен айналысатындар көп. Дегенмен, сіздің қандай ерекшелігіңіз бар және бұл кәсіптің қиындығы бар ма?
– Қазіргі уақытта кент тұрғындарына балғын құлпынайдың жоғарғы сұрпы мен шоколадтың қосындысынан жасалған керемет дүниені ұсынып отырмын. Әр бизнестің өз қызығы мен шыжығы бар. Сол сияқты бұл құлпынайдың да өзіне тән машақаты бар. Шоколадқа құлпынай салынады, оның несі қиын деуі де мүмкін. Бірақ шоколадтың еру температурасы, құлпынайды тазалау техникалары шамалы білімді қажет етеді. Мұны арнайы марафоннан меңгердім. Қажетті құлпынайды сатып алғанда әрдайым балғын түрін таңдаймын. Сондай-ақ шоколадты құлпынайды алдын ала жасап қоймаймын. Өйткені оның сақталу мерзімі – 24 сағат. Тапсырыс берушінің қажет уақытына қарай арнайы жасап беремін және оны тұтынушыға да ескертіп отырамын". Бұл жұмыс өзіме ұнағандықтан, бар ынта-шынтамды салып жасаймын, негізгі қиындық тапсырыс көбейіп кеткен кезде уақыт жағынан қиналып қалатыным бар. Дегенмен, әрбір тапсырысты қажет уақытқа сай жасап беремін.

– Иә, нәзік жандар қашанда гүлге құмар. Өкінішке қарай бағасы қалтаны көтермейді. Көтерсе де, арнайылап алған гүл шоқтарыңыз 2-3 күнде солып қалады. Ал осындай кезде пайдасы орасан зор, осы ретте қолдан жасалған сыйлық таптырмас дүние.
Жансая тынымсыз еңбек табыссыз қалмайтынына сенімді. Ол кездескен қиындықтарға мойымағанының арқасында ауданда дами қоймаған кәсіптің берекесін көріп отыр. Тұтынушылардың разылығы оны одан сайын шабыттандыра түсетінін айтады.

– Әрине, кез келген істің өзіне тән қиындығы болады. Алғашында тауарымды жарнамалау қиындық тудырды. Бірақ ойға алған бастапқы мақсат орындалып сұраныс уақыт өте арта бастады. Менің ерекше махабатпен жасағн туындымды сыйлыққа алған әрбір клиентім міндетті түрде «уау» дейтіндей эмоцияда болады. Бір рет сатып алған клиенттерім бірнеше рет тапсырыс беріп жүр. Себебі мен тек жоғары сұрыпты кептірілген жемістерді қолданамын, – дейді жас кәсіпкер.
– Қазір инфобизнестің дамып тұрған шағында, мен секілді декреттік демалыста отырған аналарға нөлден бастап кететін істің қыр-сырын көрсету мақсатында арнайы курс жасап шығару ойымда бар. Қазір интернет арқылы өніміңізді сатып, мүмкіндігіңізбен еңбегіңізге қарай пайда табуға болады. Менде соны әрмен қарай кәсіп ашқысы келетіндерге үйреткім келеді. Жеке кәсіпті жүргіземін деген адамға ешқандай кедергі жоқ. Себебі біздің заман үйден шықпай дүкен аралап, мейрамхананың тамағын жеп, ұнатқан киіміңді киетін заман. Кәсіп бастағысы келетіндерге тек алға деймін. Өте ерекше, денсаулыққа пайдалы букет, дәмі тіл үйіретін «шоколадты құлпынай» іздесеңіз, инстаграмнан @Zhansaya_Jumadilova парақшасын оқи жүріңіздер, – дейді кәсіп иесі.

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы. Өйткені ол адамды ізгілендіреді» деген бар. Иә, адал еңбекке ештеңе жетпейді. Әсіресе, өз бетімен тірлігін түзеп, бейнетінің зейнетін көрген бір ғанибет. Сіз де ізгі жандардың қатарынан болғыңыз келсе, жантайып жатпай, бел бүгіп, балақ түріп, іске кірісіңіз.

P.S. Мереке қарсаңында көбіміз сүйіктімізге не сыйлаймыз деп бас қатырамыз. Әрбір адам өз сыйлығыммен ерекшелікті көрсетіп қана қоймай, ерекше және ерекше нәрсемен қуантқысы келетіні анық. Бұл мақсатқа әрине түпнұсқалық қолмен жасалған сыйлықтар арқлы қол жеткізуге болады.
Қазіргі уақытта заманауи қолөнердің бірі - шоколад қосылған құлпынай букеті. Мұндай мерекелік тәтті букет әдемі сыйлық ғана емес, сонымен қатар негізгі қимылға қосымша сыйлық болады. Және бұл, әрине, бірегей және қайталанбайтын болады, өйткені композиция өз қолымен таңдаған материалдан жасалған. Достарыңызға, жақын адамдарыңызға, әріптестеріңізге, отбасы мүшелеріне тәттілер шоғын қалай жасауға болады. Ендеше, жақыныңызды қуытқыңыз келсе, Жансаяға тапсырыс беруге асығыңыз, оқырман!
Инстаграм: @Zhansaya_Jumadilova
+7 747 746 00 58
Алматы қаласы
