Мәжіліс Спикері «Шеврон» жұмысындағы отандық үлесті арттыруға шақырды
Тараптар компания жұмысындағы отандық үлесті арттыру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.Мәжіліс спикері корпорация басшылығын Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығымен құттықтап, «Шеврон» еліміздегі ірі шетелдік инвестор екенін атап өтті.Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің, Үкімет пен Парламенттің басты міндеті – ұлттық мүдделердің сақталуын ескере отырып, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау екенін айтты. Осыған байланысты «Шеврон» компаниясына бірқатар ұсыныс берді. Атап айтқанда, атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту, мұнай химиясын дамыту, мұнай мен газ өңдеуді күшейту.– Қазақстандық үлесті арттыруға баса назар аударып, жергілікті өнімді сатып алу маңызды. Жергілікті сервистік компанияларды тарту керек. Біздің елімізде дамыған және бәсекеге…