Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғам дертімен күрес толастамайды

Себебі, жеңұшынан жалғасқан жемқорлық атты індет салтанат құрған жерде адал бәсекелестік, тең құқылық туралы сөз қозғау, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін қалыптастыру тіпті мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп, емдейтін сырқат емес, онымен күресу қажет.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онлайн жиында әуелі Алакөл, Райымбек аумақтық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы сараланды. Мұнан соң 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы жайында сөз қозғалды. Жиын соңында қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.

0
0
257

Алматы облысындаСOVID-19 екінші толқынына дайындық күшейтілді

Бұл туралы «Jetisý media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, аталған қаражатқа 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150 өкпені жасанды желдету аппараты, және аудандар үшін 135 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларының саны 165-тен 205-ке дейін көбейтілетін болады.«Бүгінгі таңда облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды.Жақында ашылған 200 төсектік жаңа инфекциялық аурухана қысқа мерзімде пайдалануға берілді. Одан бөлек ауыр науқастар мен балаларға арналған көп салалы ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды. Жалпы екінші толқынға барлығы…

0
0
238

Амандық Баталов жұмыс сапарымен Ақсу ауданында болып, Ақсу қант зауытының жұмысымен танысты.

Аймақ басшысына биылғы өнімнен зауытқа өткізіліп жатқан қант қызылшалары көрсетілді. Сарапшылар жаздың құрғақ болғанына қарамастан, биыл мол өнім жиналғанын, және зауытқа сапалы әрі қанттылық мөлшері жоғары тәтті түбірлердің өткізіліп жатқандығын атап өтті.Сондай-ақ, облыс әкімі әкімшілік блокқа барып, жұмысшылармен әңгімелесті. Зауыт мамандары өңір басшысына кәсіпорынға үнемі қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс білдірді. Зауытта 500-ден астам ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып, уақытылы жалақыларын алып келеді.Зауытқа өз өнімдерін өткізетін негізгі үш аудан - Ақсу, Сарқан және Алакөл. Қант қызылшасын өңдеу және қант өндірісі 18 қазанда басталды. Бүгінге дейін зауыт 60 мың тонна қызылша қабылдады. Оның 15 мың тоннасы өңделіп, биылғы маусымның алғашқы дайын қант өнімі алынды.Бүгінде «Ж…

0
0
231

Бюро отырысы өтті

Отырысты облыстық филиал төрағасының орынбасары Жанболат Жөргенбаев жүргізді. Онлайн жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жайы таразыланды. Жоба аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігі сараланды. Мұнан соң партияның облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жөнінде баяндамасын тыңдады. Жиын соңында қаулы қабылданып, жұмыс жайы жүйелене түсті.

0
0
153

Мығым мақсат, айқын міндет

Мұндағы мақсат – Елбасының ел дамуындағы елеулі еңбегін саралау, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренада жеткен жетістігін талдау. Ал білім саласының қызметкерлерінің таңдап алынуы, олар болашақ тұлғаларды қалыптастыруда негізгі рөл ойнайды. Демек, Елбасының даналық, даралық тұлғасын ұрпақ санасында жаңғырту арқылы еліміз қиын-қыстау сәттерде қапыда кетпей, көш ілгері жүріп, Н.Назарбаевтың дара саясатының арқасында дамыған елдердің қатарына қосылуын насихаттау қажет. Жиын тізгінін әуелі «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров алды. Егемен ел үшін Елбасының сіңірген еңбегін саралады.- Айналдырған 30 жылдың көлемінде Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналды. Әуелі жаппай қырып-жою қару…

0
0
354

Nur Otan партиялық тізімдерді қалыптастыру бойынша нұсқаулық әзірледі

«Nur Otan» партиясының Орталық аппараты партия филиалдары конференцияларының әрбір кезеңін регламенттейтін нұсқаулықты бекітті, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және Мәжіліске партиялық тізімге әр өңірден кандидаттар анықталатын болады. Сонымен, партияішілік іріктеу – праймериздің екінші деңгейі аясында кандидаттарды конференцияларда пікірсайыстар күтуде. Мәжіліске үміткерлер, республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, екі рет – аудандық және облыстық конференцияларда пікірсайысқа түседі. Парламенттің төменгі палатасының қызметтегі депутаттары бірден облыстық сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар конференцияларындағы пікірсайыстарға қатыса алады. Партияның 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳 ресми сайтында және 𝐩𝐫𝐢𝐦𝐚𝐫𝐢𝐞𝐬.𝐤𝐳 сайтында жарияланған нұсқаул…

0
0
202

Павлодар облысының медициналық қызметі жаңа жылжымалы кешендер мен реанимобильдерге ие болды

Павлодар облысының медициналық қызметі жаңа жылжымалы кешендер мен реанимобильдерге ие болды Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовқа Павлодарда бес мобильді медициналық орталық пен 22 жедел жәрдем көлігінің мүмкіндіктері көрсетілді. Мобильді диагностикалық жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың негізінде созылмалы инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, денсаулық жағдайының тобын анықтау, алдын алу, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін денсаулық жағдайына терең зерттеу жүргізуге болады. Кешендер цифрлық жабдықпен жарақталған жеті мамандандырылған кабинеттен тұрады. Бұл жалпы тәжірибе дәрігерінің және талдауларды қабылдау аймақтары, дәріхана пункті, жалпы қабылдау кабинеттері, акушер-гин…

0
0
203

Жастар жұмыссыздықпен күреспек

Себебі де түсінікті, бар мәселе қоғамдық санада болып тұр. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай масылдықпен әр адам өзі күреспейінше жұмыссыздық өзектілігінен түспейді.Жастар арасында жұмыссыздық белең алған. Диплом бола тұра, «орайлы жұмыс таппадым» деген сылтауды арқау етіп жүреді. Осы ретте белсенді жастар қарекетке көшеді. Олар мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, жастарды Neet санатынан қоғамның белсенді мүшесіне айналуға итермелейді. Өйтпеске лаж жоқ. Дана Абай «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» демей ме?!Осы орайды Қаратал аудандық «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен жұмыссыздықпен күрестің тың әдісі қолға алында. Бүгін олар мемлекеттік бағдарламалардың мақсат-міндеттері мен нұсқаулықтары, тиісті қажеттіліктері толтырылған парақшаларды аудан орталығында таратты.…

0
0
221