Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғам дертімен күрес толастамайды

Себебі, жеңұшынан жалғасқан жемқорлық атты індет салтанат құрған жерде адал бәсекелестік, тең құқылық туралы сөз қозғау, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін қалыптастыру тіпті мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп, емдейтін сырқат емес, онымен күресу қажет.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онлайн жиында әуелі Алакөл, Райымбек аумақтық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы сараланды. Мұнан соң 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы жайында сөз қозғалды. Жиын соңында қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.

0
0
207

Осы тақырып бойынша