Бүгін облыс орталығында өткен жәрмеңкеге облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан және «Жетісу» ӘКК-нің жалпы салмағы 259,5 тоннаны құрайтын 50 түрлі ауылшаруашылық өнімдері жеткізіліп, нарықтағы бағасынан 15% төмен бағада сатылды.Жәрмеңкеге өнімдерін шығарған сатушылар мен келушілерге қойылған басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы. Оның ішінде қорғаныш құралдарының болуы (бетперде тағу, қолғап кию, санитайзердің болуы, т.б.) және әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуы.Осы күні жәрмеңкеде 41,7 тонна ет өнімдері, 21 тонна сүт өнімдері, 77,7 тонна көкөніс, 5,4 тонна балық өнімдері, 16,1 тонна жеміс-жидек, 33,5 тонна картоп, 69,3 тонна өзге де ауылшарушылық өнімдері сатылды.Қала тұрғындарының айтуынша, маусымдық жәрмеңкелерді өткізу – жақсы үрдіс, әсіресе азық-түлік түр…