Мәселелер шешімсіз қалмайды
Әрине, қай орынға барса да, «жоқ» немесе «мәселе шешілмейді» деген жауап еститіндей үрей болады бойында. Осы уақытқа дейін құзырлы орындар тарапынан жиі осы тектес жауап алып үйренгендіктен шешімді солай қабылдайды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халыққа құлақ асатын мемлекет» қалыптастыруды қай сөзінде де атқарушы билікке тапсырып жүр. Әрине, мұндай саяси жүйені қалыптастыруға «Nur Otan» партиясы әуелден-ақ кіріскен. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, өзекті мәселесінің құзырлы орындар тарапынан оңтайлы шешілуіне де атсалысып келеді.Бүгін сол жолдан танбай «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиал төрағасының орынбасары Аманжол Тоқтарұлы қала тұрғындарын толғандырған жекелеген мәселелер бойынша онлайн кездесу өткізді. Бейне байланыста өткен кездесуде тұрғындар тұрмыстық мәселел…