Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Екібастұз қалалық «Nur Otan» партиясы филиалынының төрағасы сайланды.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының төрағасын сайлау және партияның қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

- Ардақ Қаңтарбаевтың мемлекеттік басқару органдарында үлкен тәжірибесі бар. Жинақталған тәжірибе оған партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойған барлық міндеттерді орындауға көмектеседі деп ойлаймын, - деп атап өтті Илья Теренченко.

Конференцияға қатысушылар А.Қаңтарбаевтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Қалалық филиалдың жаңа төрағасы партиялықтарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қойған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, кезектен тыс конференцияға қатысушылар партияның Екібастұз қалалық филиалы Саяси кеңесінің жаңа мүшелерін сайлады.

Конференция жұмысына бейнеконференция байланысы арқылы партияның Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, қалалық филиал төрағасы, қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев, қалалық филиалдың Саяси кеңесі бюросының, Партиялық бақылау комиссиясының, депутаттық фракцияның мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының және «Jas Otan» жастар қанатының төрағалары қатысты.

📷Аким Экибастуза Ардак Кантарбаев избран председателем городского филиала партии «Nur Otan».

Сегодня состоялось внеочередная конференция Экибастузкого городского филиала партии «Nur Otan». На повестке дня рассмотрели два вопроса: избрание председателя Экибастузского городского филиала партии «Nur Otan» и внесение изменений в состав Политического совета городского филиала партии.

- Ардак Кантарбаев имеет большой опыт работы в органах государственного управления. Думаю, накопленный опыт поможет ему выполнить все задачи, поставленные председателем партии, Елбасы Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым, - отметил Илья Теренченко.

Участники конференции единогласно проголосовали за кандидатуру А.Кантарбаева. Новый председатель городского филиала поблагодарил партийцев за оказанное доверие и выразил готовность приложить все усилия ради осуществления всех задач, поставленных партией.

Так же участники внеочередной конференции избрали новых членов Бюро Политического совета Экибастузского городского филиала партии.

В работе конференции приняли участие посредством видеоконференцсвязи первый заместитель председателя Павлодарского областного филиала партии Илья Теренченко, председатель городского филиала, аким города Ардак Кантарбаев, члены Политического и Бюро Политического совета городского филиала, комиссии партийного контроля, депутатской фракции, ветераны партии, председатели первичных партийных организацийи молодежного крыла «Jas Otan».

#NurOtan

0
0
179

Осы тақырып бойынша

Екібастұз қалалық «Nur Otan» партиясы филиалынының төрағасы сайланды. - Yvision.kz