Мазмұнға өту

Жаңа

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында онлайн отырыс өтті

«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында онлайн отырысы өтті.Кездесу барысында қала мекемелеріндегі ғимараттарда пандустарды сапалы орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар тиімділігі бойынша ұсыныстар талқыланды.

0
0
229

«Кәсіподақтар - Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты элементтерінің бірі!»

Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын.

«Кәсіподақтар - Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты элементтерінің бірі!» тақырыбы аясында аудандық мәслихат депутаттары кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын талдап, жолдауы аясында өзара пікір алысты.

0
0
119

Жол құрылысының сапасын бақылады

Мемлекеттік бюджет қаражатына жөнделіп жатқан жолдардың сапасын «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы, «Aqjaiyq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары бақылауға алды. Бүгін арнайы топ Сарытау шағынауданындағы жаңадан салынған жолдардың сапасын тексерді.3000 астам тұрғыны бар шағынауданның көшелеріне жол салынып, жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде.

0
0
157

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Жангелді, Амангелді аудандық халыққа қызмет көрсету...

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Жангелді, Амангелді аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуЕңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің № 1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Ж. Кайрлиева 2020 жылғы 3 қарашада Жангелді ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-да, 4 қарашада Амангелді ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-да «ХҚКО» бөлімдерінде «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттар қабылдау» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне, құжаттарды қабылдау тәртібіне, құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуден бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.Барлық сұрақтарға қо…

0
0
214

Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті

Бүгін қалалық филиалға қатысты барлық бастауыш партия ұйымдарында Орал қалалық филиалының XXVIII конференциясына қатысатын делегаттарды сайлау бойынша жиналыстар өтті. Жиналыстар БПҰ-дағы партия мүшелерінің санына байланысты онлайн және дәстүрлі форматта өткізілді. Жиналыс қатысушылары конференцияға өкіл ретінде баратын делегаттарды сайлады.

0
0
130

«Заманауи жастың тұлғасы»

Заманауи қазақ жастарының қоғамы өзге аға буындарға қарағанда ерекшеленеді: олардың өзіндік қағидалары, құндылықтары мен жетісткке жету барысында қолданатын тәсілдері бар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс деген» болатын.

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының instagram ресми парақшасында «Заманауи жастың тұлғасы» тақырыбында  ауданымыздың белсенді жастарымен кездесу өтті.  Іс-шара барысында қатысушылар 21 ғасырдың жастары жаңашылдыққа бейім екендігін және күннен-күнге жетіліп, өздерін жаңа қырларынан көрсетіп дамып келетіндігін түртіп айтты.

9
0
198

«Nur Otan» партиясы Хромтау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы

Хромтау қаласында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысына 2019 жылдың тамыз айында тапсырыс беруші «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ және бас мердігер ЖШС «Бабек Құрылыс» арасында мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылды. Келісімшарттардың жалпы сомасы 1 004 598,5 мың теңгені құрайды. 2019 жылы 75000,0 мың теңге бөлінді және игерілді, 2020 жылы 300 000,0мың теңге қаражат бөлініп,игерілуде. келісім-шартқа сәйкес құрылыс мерзімінін ұзақтығы 11 ай, құрылыстың аяқталу мерзімі жоспар бойынша-2020 жылдың тамыз айы. Құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтау үшін 629 598,5 мың теңге көлемінде қаражат бөлу қажет.

0
0
231