«Заманауи жастың тұлғасы»
Заманауи қазақ жастарының қоғамы өзге аға буындарға қарағанда ерекшеленеді: олардың өзіндік қағидалары, құндылықтары мен жетісткке жету барысында қолданатын тәсілдері бар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс деген» болатын.

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының instagram ресми парақшасында «Заманауи жастың тұлғасы» тақырыбында ауданымыздың белсенді жастарымен кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушылар 21 ғасырдың жастары жаңашылдыққа бейім екендігін және күннен-күнге жетіліп, өздерін жаңа қырларынан көрсетіп дамып келетіндігін түртіп айтты.

