«Кәсіподақтар - Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты элементтерінің бірі!»
Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын.
«Кәсіподақтар - Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты элементтерінің бірі!» тақырыбы аясында аудандық мәслихат депутаттары кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын талдап, жолдауы аясында өзара пікір алысты.
