Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті
Бүгін қалалық филиалға қатысты барлық бастауыш партия ұйымдарында Орал қалалық филиалының XXVIII конференциясына қатысатын делегаттарды сайлау бойынша жиналыстар өтті. Жиналыстар БПҰ-дағы партия мүшелерінің санына байланысты онлайн және дәстүрлі форматта өткізілді. Жиналыс қатысушылары конференцияға өкіл ретінде баратын делегаттарды сайлады.
