Алакөлде полиция жағалауда жоғалған баланы дер кезінде тапты
Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде адасып кеткен сегіз жасар баланы тауып, анасына аман-есен табыстады.Демалыс кезінде бала анасына жағалауда қалып қойған аяқ киімін алып келетінін айтып, өздігінен кетіп қалған. Алайда арада біраз уақыт өтсе де қайтып оралмаған. Бағдарынан жаңылған ол басқа елдімекенге қарай кетіп қалған.