Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық мәслихат депутаты Т.Апаева Сортөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Газ құбырларын сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселесін талқылау бойынша аудандық мәслихат депутаты Т.Апаева Сортөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

0
0
120

"Қайып Ата" шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесу.

Кездесу барысында 01.09.2020 ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ - атты жолдауын "Қайып Ата" шаруа қожалығының қызметкерлеріне Саяси кеңес мүшесі Ерәлі Әшір таныстырып, қызметкерлермен бірге талқылады.

0
0
105

"Құтты мекен" жобасы Форт-Шевченкода

«Құтты мекен» жобасының басты мақсаты жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру.

Осы бағытта "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанынан құрылған бақылау тобымен бірге Форт-Шевченко қаласы, Баутино ауылы және Аташ ауылына барып мониторингтік топ тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру барысында газ құбырларының жолдан қашық, тұрғындарға қолайлы салынғанына мән беріп, ескерту берілген Баутин ауылы, Сатимов көшесінің бұрылысындағы газ құбырының орналасуын қайта қарады.

Одан бөлек, Форт-Шевченко қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп қабатты үйдің газ, су құбырларын тексерді.

0
0
135

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бақылау комиссиясының мониторингі.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б.Сағынтаевтың "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасын қамтамасыз ету және орындау жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың қараша айының 19 күні «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Жылқайдаров және аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесе отырып, Наурызбай ауданындағы құрылыс объектілеріне көшпелі мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында мердігерлерге құрылыс нысандарын мерзімінде тапсыру жүктелді. Сонымен қатар, объектілерде қауіпсіздік техникасы мен карантин талаптары толықтай сақталған. Құрылыс жұмыстары бойынша туындаған сұрақтарға баннерлерде көрсетілген телефон номерлеріне хабарласа алады.

0
0
155

Тікелей эфир

-Облыстық және аудандық маңызы бар елді-мекендердің авто жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы;- "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының аясында атқарылып жатқан істер. «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Төребайұлы Көкебаевтың тікелей эфир өткізді.

0
0
148

Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті өкілінің қатысуымен тікелей эфир өтті.

Тікелей эфирге «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О. В. Чугунков, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ә.А Өтепов қатысып тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

«Nur Otan» партиясы ШҚОФ –ның инстаграмдағы ресми парақшасында өткен тікелей эфирде аймақтағы саяжайлар мен саяжайлардағы тәртіп пен учаскелік полицейлердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып нақты жауаптар берілді.

0
0
249

Бәйдібекте мәслихат құрамы жаңа азаматтармен толығады

12 қарашада Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының XL конференциясы өтті. Оған БПҰ жиналыстары шеңберінде сайланған 50 делегат қатысты. Жиында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков партияның аудан бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламасы туралы баяндады. Делегаттар бағдарламаны бірауыздан бекітті. Сонымен бірге кофнерецнияда облыстық конференцияға қатысатын делегаттар сайланды. Конферецнияның маңызды тұсы – праймериз үздіктері арасындағы дебат болды. Аудан бойынша көп дауыс жинап, суырылып шыққан үміткерлер бағдарламаларын таныстырып, бір-біріне сауалдарын жолдады. Жалпы пікірсайысқа 4 кандидат түсті. Нәтижесінде 2 үміткер жоғары дауыспен облыстық мәслихат тізіміне өтті. Атап айтсақ, Ғабиден Қапалб…

0
0
219