Мазмұнға өту

Жаңа

«Абай - дара қазақта, Абай - дана қазақта» атты облыстық Абай өлеңдерін оқудан онлайн байқауы

”Жас патриоттар мектебі” әлеуметтік тапсырысы аясында, Приозерск қаласы жастар ресурстық орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай - дара қазақта, Абай - дана қазақта» атты облыстық Абай өлеңдерін оқудан онлайн байқаудың өтетінін хабарлайды!Байқаудың ережесі:Байқауға қатысушы, өзінің әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасында Абай Құнанбайұлының бір шығармасын жатқа оқуы керек. Сол видеоға @prio_jastary инстаграм парақшасын белгілеу қажет.Шығарма 2 минуттық видеодан аспауы тиіс. Видеоның астынақатысушы аты-жөнін, жасын және Абай Құнанбайұлының шығармасының атын жазу керек.Видеоны келесі 8 778 516 89 90 немесе 8 747 660 98 36 нөміріне WhatsApp арқылы жолдауы қажет.prio_jastary мен prio_jasotan әлеуметтік парақшаларына тіркелу керек.Байқауға Қарағанды облысының 14-29 жа…

1
0
271

13 қараша – Халықаралық зағиптар күні...

«...Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс»–деп Елбасы атап өткендей бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аударылуда. Осыған орай, Халықаралық зағиптар күнінде көру қабілеті нашар адамдарға назар аударылып, қамқорлық танытылды.

0
0
120

11 қараша - Халықаралық энергия үнемдеу күні...

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заң 2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен: "Энергия үнемдеу күні - 11 қараша" деген жаңа тармақпен толықтырылғаннан кейін, Қазақстанда бұл маңызды күн екі жылдан бері атап өтілуде.

0
0
167

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында...

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, әлеуметтік маңызы бар нысандарда, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, мекемелермен сауда орындарындағы пандустардың сапасы мен талапқа сай болуын қоғамдық бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

0
0
106

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқыланды

Жолдаудағы бағыттардың барлығы бойынша нақты міндеттер айқындалды.

Жалпы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның өз дамуында жаңа кезеңге бет алуын сипаттайды деп айтуға толық негіз бар». – деді «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Жамбылов.

0
0
117

8 қараша елімізде Статистика күні!

БҰҰ Бас ассамблеясының 2010 жылдың 3 маусымында өткен 64-інші сессиясында 2010 жылдың 20 қазанында Бүкілдүниежүзілік статистика күнін атап өту туралы Қарар қабылданды. Бұл датаны белгілеу туралы ұсынысты БҰҰ-ның Статистика бөлімі жасады және ол 75 ел мен халықаралық ұйымдардың тарапынан қолдау тапты. Ал Қазақстанда Статистика күні «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына 2011 жылғы қазан айының соңында енгізілген өзгертулерге сәйкес 8 қараша күні атап өтіледі.

0
0
129

"Анаға сағыныш"-атты, комедиялық жанрға сүйемелденген сахналық қойылым.

07.11.2020 ж Қазығұрт аудандық халық театрының әртістері тікелей эфирде, "Анаға сағыныш"-атты, комедиялық жанрға сүйемелденген сахналық қойылым көрсетті. Ата-ананың қадірін көзі тірісінде білейік!

Техникалық ахауларға байланысты видео дұрыс түсірілмей қалды, кешірім сұраймыз!

https://www.facebook.com/100011318949607/videos/1221984038188883/

0
0
154

"Туған жерің туралы не білесің?!"

Партия мүшелері арасында "Туған жерің туралы не білесің?!"- атты брейн-ринг ойыны өткізілді. Ойын шарты бойынша екі топқа бөлініп пікірлерін айтты және сұрақ-жауаптар арқылы, өскен жерлерінің тарихына көз жүгіртті. Ойын қызықты да тартысты өтті. Ал, құрметті әлеуметтік желі қолданушылары өз туған жерлеріңіздің тарихына қаншалықты қанықсыздар?! Тарихын толыққанды білесіздер ме?! Туған жерлеріңіздің көркейуі үшін не жасап жатырсыздар?! Тарихымызды қастерлеп, барымызды бағалап, өскен жеріміздің тарихын оқып, дәріптеп жүрейік!

0
0
103

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында...

«Ауыл – ел бесігі» ауылдарды дамыту, инфрақұрлымын жақсарту жобасы – «Nur Otan» партиясының XVIII сьезінде Елбасы Н.Назарбаев бастамасымен іске қосылған болатын. Аталған жоба бойынша бүгін Сарапхана ауылының жолдарына, Партиялық бақылау топ мүшелері рейд жүргізді. Ауыл тұрғыны, Маханбет ауылының биі- жасалынып жатқан жұмыстарға ауылдастарының атынан ризашылығын білдірді.

0
0
148