«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бақылау комиссиясының мониторингі.
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б.Сағынтаевтың "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасын қамтамасыз ету және орындау жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың қараша айының 19 күні «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Жылқайдаров және аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесе отырып, Наурызбай ауданындағы құрылыс объектілеріне көшпелі мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында мердігерлерге құрылыс нысандарын мерзімінде тапсыру жүктелді. Сонымен қатар, объектілерде қауіпсіздік техникасы мен карантин талаптары толықтай сақталған. Құрылыс жұмыстары бойынша туындаған сұрақтарға баннерлерде көрсетілген телефон номерлеріне хабарласа алады.
