Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті өкілінің қатысуымен тікелей эфир өтті.
Тікелей эфирге «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О. В. Чугунков, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ә.А Өтепов қатысып тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
«Nur Otan» партиясы ШҚОФ –ның инстаграмдағы ресми парақшасында өткен тікелей эфирде аймақтағы саяжайлар мен саяжайлардағы тәртіп пен учаскелік полицейлердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып нақты жауаптар берілді.
