"Құтты мекен" жобасы Форт-Шевченкода
«Құтты мекен» жобасының басты мақсаты жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру.
Осы бағытта "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанынан құрылған бақылау тобымен бірге Форт-Шевченко қаласы, Баутино ауылы және Аташ ауылына барып мониторингтік топ тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру барысында газ құбырларының жолдан қашық, тұрғындарға қолайлы салынғанына мән беріп, ескерту берілген Баутин ауылы, Сатимов көшесінің бұрылысындағы газ құбырының орналасуын қайта қарады.
Одан бөлек, Форт-Шевченко қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп қабатты үйдің газ, су құбырларын тексерді.
