Партия қатарына жастар қабылданды
Бүгін облыстық партия ғимаратында партия қатарына белсенді жастар қабылданды. Партия қатарына қабылданған жастарға партия билеттерін облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов тапсырды. Партия ардагері Е.Іңірбайұлы шараға қатысып, жастарға ақ жол тіледі.
⠀
«Бүгін халықаралық студенттер күні. Осы күні мен партия қатарына қабылданып жатырғаныма қуаныштымын. Жастық жігерімді елімнің өркендеуі жолында аянбай қызмет етуге дайынмын» дейді «Yessenov University» ІІ курс студенті Тілепі Атлант.
⠀
«Өңірді дамытуға өзімнің үлесімді қосуды әркез ойлап жүр едім. Бүгін сол мақсатта партия қатарына қабылдандым. Партиямен бірлесе жұмыс жасап, өз өңірімнің гүлденуіне үлес қосқым келеді» дейді партия қатарына қабылданған белсенді жас Бақтөреев Жанаман.
⠀
Партия қатарына қабылданған жастарға, жастар қанаты атынан сәттілік тілейміз!
⠀
#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau
