Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы барысы

«Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі мүшелері мен «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі бірлесіп, Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы барысымен танысты. Жалпы құны 315 млн. теңгені құрайтын жоба арқылы 106 түтіні бар ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Мердігер «KAZFROFSTROY HOLDING» ЖШС бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары мен жалпы ұзындығы 6,9 шақырымды құрайтын су желісін тарту жұмыстарын аяқтаған. Яғни, әрбір тұрғын үйлердің іргесіне дейін су желісі жеткізілген. Ендігі кезекте су мұнарасын орнату және су ұңғымаларына электр желілерін тарту жұмыстарын қолға алмақ. Жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында нысанды қолданысқа беруді көздеп отыр. Қоғамдық ұйым өкілдері бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізе отырып, халық игілігіне бағытталған жұмыс уақытылы әрі сапалы жүзеге асуы тиіс екендігін алға тартты.

0
0
242

Осы тақырып бойынша

Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы барысы - Yvision.kz