Жаңа
25-ші орынға қол жеткізілді
Семейде қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын тексеру жалғасуда
Кезекті рейд барысында мониторингтік топ мүшелері қаланың сол жағалауындағы мейрамханалар мен дәмханаларда карантиндік талаптардың сақталуын тексерді. Айта кетейік, қазір бұл жұмыстарға қаламыздың кәсіпкерлік саласының өкілдері де қатысуда. Тексеріс барысында барлық санитарлық талаптар сақталғандығы байқалып, құқықбұзушылық фактілері тіркелмеді.
Рейдтік шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес карантиндік шаралардың сақталуын, оның ішінде барлық қажетті жеке қорғаныш және залалсыздандыратын құралдардың болуын, сондай-ақ қызметкерлер мен көпшілік орындарға келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтауды бақылау. Белгіленген ережелерді орындамаған заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
трансконтиненттік коридор іске қосылды
3,1 мың балабақша ашылды
Семей қаласында қоғамдық көліктерде рейдтік іс-шаралар жалғасуда
ШҚО енгізілген карантиндік шаралар негізінде, облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысы тұрғындардың бетперде киюге міндеттейді. Осыған орай бетперде режимін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Өкінішке орай, санитарлық тәртіпті бұзушылар жетерлік. Автобус жүргізушілерінің атап өткеніндей олар жолаушыларды автобусқа бетпердесіз кіргізбеуге тырысқанымен барлығын бірдей тексеріп үлгермейді.
Ерсін Баяндин, жүргізуші: - Біз бетпердесіз кіргендерге ескерту жасаймыз, бірақ, оларды автобустан түсіріп тастауға құқығымыз жоқ.
Бетпердесіз жүргендер арасында кәмелеттік жасқа толмағандар да кездесті. 18 жасқа толмағандарға полиция қызметкерлері тарапынан ескерту жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Санитарлық талаптар бұзған өзге жолаушыларға әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгін – Дүниежүзілік телевизия күні!
Телевизия саласы қызметкерлерін кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 21 қарашаны алғашқы дүниежүзілік телевизиялық форумның өту құрметіне орай Дүниежүзілік телевизия күні (World Television Day) деп белгіледі. Бүгінде телевизия – байланыс және жаһанданудың символы ретінде қалыптасқан.
Бүгін - Дүниежүзілік теледидар күні.
Ғалымдардың қажырлы еңбегінің арқасында 1967 жылы түрлі-түсті теледидар кеңінен қолданысқа енді. Содан бері көкжәшік - көпшіліктің көзайым мүлігі. Қазір де халықтың көзі, һәм құлағы болып тұр.
Қазақ телевизиясының тарихы 1958 жылдан басталады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 1 ғана телеарна болса, қазір Ұлы дала елінде 150-ге жуық телеарна бар. Мемлекеттік, жекеменшік арналар бәсекелесе жұмыс істеп келеді.
Əлем бойынша болып жатқан маңызды ақпараттарды халыққа жеткiзуде зор үлес қосып жүрген телевизия саласының мамандарын бүгiнгi айтуылы күнмен құттықтаймыз!
Жағымды жаңалықтарыңызбен, құнды бағдарламаларыңызбен кɵрерменнiң ыстық ықыласына бɵленiп жүре берiңiздер!
Шығармашылық табыс тiлеймiз!
- Елбасының тарихи шешімінің арқасында Райымбек ауданы белсенді дамып келеді.
- Елбасының тарихи шешімінің арқасында Райымбек ауданы белсенді дамып келеді. Ауданын көркейтуге республикалық және облыстық бюджеттен 18 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал биылғы жылдың өзінде құрылыс жұмыстарына 8 млрд. теңге қарастырылып отыр. Соның 3 млрд. теңгесі – «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы бөлінген. Ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, жастар туған өлкесіне қайта оралып жатыр. Келесі жылы тәулігіне 250 адам қабылдайтын, жобалық құны 2,8 млрд. теңгелік емхана салына бастайды. Аудандық аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Суару жүйелерін ретке келтіреміз. Ірі инвесторлар осы өңірде мал шаруашылығы бойынша кәсіптерін дамытуға ниет білдіруде. Келесі жылы Кеген, Нарынқол өңіріне газ жеткізу жұмыстарын бастаймыз. Бұл өңір табиғаты тұнып тұрған, туризмді дамытуға қола…
Бүгінгі қуанышты жаңалықтың тағы бірі, аудандық прокуратура ғимаратының ашылуы.
Бүгінгі қуанышты жаңалықтың тағы бірі, аудандық прокуратура ғимаратының ашылуы.
Жер телімінің аумағы 0,25 га болатын ғимараттың алаңы 557,7 шаршы метрді құрайды. «Даулет Серпин 603» ЖШС-гі аталған ғимараттың құрылысын сәтті аяқтап шықты.
Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы арнайы осы іс-шараға да қатысып, аз уақыттың ішінде бой көтерген ғимараттың лентасын қиды. Азаматтардың құқықтарын қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген сала мамандарының жұмыстарына, сәттілік тіледі.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі