Семей қаласында қоғамдық көліктерде рейдтік іс-шаралар жалғасуда
ШҚО енгізілген карантиндік шаралар негізінде, облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысы тұрғындардың бетперде киюге міндеттейді. Осыған орай бетперде режимін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Өкінішке орай, санитарлық тәртіпті бұзушылар жетерлік. Автобус жүргізушілерінің атап өткеніндей олар жолаушыларды автобусқа бетпердесіз кіргізбеуге тырысқанымен барлығын бірдей тексеріп үлгермейді.
Ерсін Баяндин, жүргізуші: - Біз бетпердесіз кіргендерге ескерту жасаймыз, бірақ, оларды автобустан түсіріп тастауға құқығымыз жоқ.
Бетпердесіз жүргендер арасында кәмелеттік жасқа толмағандар да кездесті. 18 жасқа толмағандарға полиция қызметкерлері тарапынан ескерту жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Санитарлық талаптар бұзған өзге жолаушыларға әкімшілік айыппұл салынды.
