Мазмұнға өту

Жаңа

Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталов ауданымызға арнайы іс-сапармен келді.

Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталов ауданымызға арнайы іс-сапармен келді. Ауданға келген сапарын өңір басшысы алдымен Нарынқолдықтарға тұрғын үйдің кілтін беру қуанышынан бастады. Бұл 33 үй - Нарынқолда салынып жатқан 83 коммуналдық үйдің 1, 2 кезеңі бойынша құрылысы аяқталған баспаналар. Қоныс той қуанышына кенелгендер арасында көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3242 шаршы метр. Құрылысын “Фуд МС” ЖШС жүргізген.Амандық Ғаббасұлы өз кезегінде жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстап, баспаналы болған ауыл тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар, ауданымызға жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар жəне алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар туралы да сөз етті. Соның ішінде бірінші кез…

0
0
166

Тағы бір жаңалық - осы күні Нарынқолда “Азаматтарға арналған үкімет” орталығы қолданысқа берілді.

Тағы бір жаңалық - осы күні Нарынқолда “Азаматтарға арналған үкімет” орталығы қолданысқа берілді.

“Азаматтарға арналған үкімет” орталығында халыққа қызмет көрсету бөлімі, полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобы жəне мұрағаты, əлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры бөлімдері орналасқан. Орталық күніне 100 адам қабылдай алады.

Облыс басшысы орталыққа қызмет алуға келген тұрғындармен тілдесіп, қызмет көрсетуші мамандармен әңгімелесті. Ресми қонақтар орталық ішін аралап, мемлекеттік қызмет алуға жасалған қолайлы жағдайларды көріп, танысты.

Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
153