Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семейде қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын тексеру жалғасуда

Кезекті рейд барысында мониторингтік топ мүшелері қаланың сол жағалауындағы мейрамханалар мен дәмханаларда карантиндік талаптардың сақталуын тексерді. Айта кетейік, қазір бұл жұмыстарға қаламыздың кәсіпкерлік саласының өкілдері де қатысуда. Тексеріс барысында барлық санитарлық талаптар сақталғандығы байқалып, құқықбұзушылық фактілері тіркелмеді.

Рейдтік шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес карантиндік шаралардың сақталуын, оның ішінде барлық қажетті жеке қорғаныш және залалсыздандыратын құралдардың болуын, сондай-ақ қызметкерлер мен көпшілік орындарға келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтауды бақылау. Белгіленген ережелерді орындамаған заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

Семейде қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын тексеру жалғасуда - Yvision.kz