Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

- Елбасының тарихи шешімінің арқасында Райымбек ауданы белсенді дамып келеді.

- Елбасының тарихи шешімінің арқасында Райымбек ауданы белсенді дамып келеді. Ауданын көркейтуге республикалық және облыстық бюджеттен 18 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал биылғы жылдың өзінде құрылыс жұмыстарына 8 млрд. теңге қарастырылып отыр. Соның 3 млрд. теңгесі – «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы бөлінген. Ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, жастар туған өлкесіне қайта оралып жатыр. Келесі жылы тәулігіне 250 адам қабылдайтын, жобалық құны 2,8 млрд. теңгелік емхана салына бастайды. Аудандық аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі. Суару жүйелерін ретке келтіреміз. Ірі инвесторлар осы өңірде мал шаруашылығы бойынша кәсіптерін дамытуға ниет білдіруде. Келесі жылы Кеген, Нарынқол өңіріне газ жеткізу жұмыстарын бастаймыз. Бұл өңір табиғаты тұнып тұрған, туризмді дамытуға қолайлы өңір. Осы бағыттардың барлығын басымдыққа алып, ауданды өркендетуге аянбай жұмыс істейтін боламыз.

Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
162

Осы тақырып бойынша

- Елбасының тарихи шешімінің арқасында Райымбек ауданы белсенді дамып келеді. - Yvision.kz