Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкентте 40752 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген

ZOOM желісі арқылы өткен жиында «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Мейрманов Қайрат Ақмолдаұлы аталмыш бағдарлама жайлы баяндама жасады. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 40752 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз арендалық түрде «Ұлы Отан» соғысы ардагелеріне, жетім және ата-қарауынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы, жұмыс істейтін жастарға 1596 пәтер берілген. Сондай-ақ, «7-20-25» бағыты бойынша 1292 азамат, «2-10-20» бағыты бойынша 285 отбасы тұрғын үймен қамтылған. 70 көп қабатты үйге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген.

0
0
159

Жастарға Елбасы жайлы баяндама оқылды

Елбасының Тәуелсіздік жылында атқарған істері, Саяси сахнадағы бастамалары, сыртқы және ішкі саясатта атқарған істері жайлы сөз еткен жиынға ОҚМПУ-дан т.ғ.к. Бахадыр Сатыбалдыұлы Алтай, ОҚУ-дан т.ғ.к., доцент Гүлнар Әмірбайқызы Жанысбекова және жастар қауымы қатысты.Бахадыр Сатыбалдыұлы баяндама барысында «Елбасы» атағын тереңнен талдап, жастарға оның түпкі мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ, өз сөзінде: «Орыс тілінде «Лидер наций» дегенді білдіретін «Елбасы» атауы тек Нұрсұлтан Әбішұлына тән. Себебі оның ұзақ жылдар бойы ел болашағына сіңірген еңбегі, саяси сауаттылығы бізді даму даңғылына шығарып, аз уақыт ішінде экономикасы тұрақталған алып мемлекетке айналдырды», – деді. Одан әрі, тарихшы ғалым Тұңғыш Президенттің сара жолындағы «тар жол, тайғақ кешулері» жайлы тарқата айтты.Жиын соңында…

0
0
156