Мазмұнға өту

Жаңа

Ауыл мәселелері көтерілді

Бүгін аудандық мәслихат депутаты Жұлдыз Әбдіқадырова Сөгеті ауылдық округіне қарасты Нұра ауылының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізіп, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылады.

Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған партиялық жоба тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Осы мақсатта өткен шара барысында нұралықтар халық қалаулысына түйіні тарқатылмай тұрған мәселелерді жеткізді. Сонымен қатар, ауылдағы ауыз су мәселесін айтып, шағымданды. Өз кезегінде Жұлдыз Әбдіқадырова аталған мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне депутаттық сауал жолдап, шешу жолдарын қарастыратындығын айтты.

0
0
158

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобасы

Бүгін, қарт адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуші мекемелерінде партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобасы аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

0
0
150

«Құтты мекен»

«Құтты мекен» партиялық жобасының басты мақсаты да өңірдегі нысандардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына партиялық бақылау болып табылады. Аталмыш жоба аясында Целиноград ауданы Ақмол ауылында «Бахыт» шағын мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылысына аудандық партиялық бақылау комиссиясы арнайы рейд жұмыстарын жүргізді. "SANстрой-Сервис" ЖШС 45 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысын атқарып жатыр.Бүгінгі күні жұмыс қарқынды түрде атқарылуда. Жүргізіліп жатқан нысан құрылысы жұмыстары партия бақылауына алынды.

#Құттымекен

#Партиялықбақылау

0
0
138

Ауыл кәсіпкерлерімен онлайн форматта кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Қоғалы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен онлайн форматта ауыл кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты кәсіпкерлік саласын дамыту, берілетін несие түрлері мен пайыздық үстемелері жайында кеңінен мағлұмат беру, кәсіпкерлік субъектілерінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын бірігіп талқылау. Кездесу барысында ауыл кәсіпкерлері өзара пікір алмасып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау үшін беріліп жатқан көмек түрлеріне тоқталып, беріліп отырған мүмкіндіктерді пайдалана отырып ауыл экономикасын дамыту үшін жұмыстар атқарамыз деді.

0
0
180

Nur Otan соңғы 5 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарды.

Nur Otan соңғы 5 жылдағы жұмыс қорытындысын шығардыXX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды.«Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады.«5 жыл і…

0
0
160