Мазмұнға өту

Жаңа

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.«Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді», – деді партия Төрағасы.Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен оның жеңімпаздарының сапалық құрамына тоқталды.Толығырақ: Elbasy.kz сайтында-Заседание Бюро Политического совета партии «Nur Otan» под председате…

0
0
108

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы

«Nur Otan» партиясы саяси кеңес мүшелері жоспарға сай Жарсуат ауылдық округі тұрғындарымен және ауыл басшылығымен карантиндік жағдайға байланысты онлайн жүздесіп,ауылдың хал-ахуалын білді.

Аталмыш ауылдық округі әкімі Асқар Утилиев кездесу барысында ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндады.

Сонымен қатар ауыл мектебінің карантиндік кезеңдегі оқу процесі де сөз болды. Ауыл мектебінің оқушылары қазіргі таңда шттаттық режимде, санитарлық талаптарды қатаң ұстап,білім алуда. Мектепке интернет желісі қосылған. Ауылдық округке қарасты «Қарашығанақ», «Димитрова» ауылдарынан келіп, интернатта жатып оқитын 23 оқушыны арнайы аудан әкімдігінің қолдауымен берілген «Газель» автокөлігі тасымалдайтыны айтылды.

1
0
139

250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіледі

«Құтты мекен» партиялық жобасына енген Қаратау ауданында пайдалануға берілетін үш құрылыс нысаны бар. Аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жыл басынан бері бірнеше рет құрылыс жүріп жатқан жерге барып, жағдайымен танысып, қадағалап келеді. Алайда, «Бозарық» қосалқы стансасының құрылысы бірнеше жылға созылғандықтан мердігер компания нысанды уақытында тапсыра алмай келеді. Станса пайдалануға берілген кезде Бозарық, Қайнар – Бұлақ, Асар елді мекендерінде тұратын 250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады.Сондай-ақ, Асар – 2 елді мекеніндегі тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету үшін инженерлік желілердің 10/0,4кВ электр жүйелерінің құрылысы 1 миллиард 142 миллион теңгеге жүргізілді. 12 қабатты 2 тұрғын үйге 264 отбасы қ…

0
0
190

Танымал саясаттанушылар мен экономистер «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын саралады...

Олардың арасында ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, Экономикалық зерттеулер институтының төрағасы Руслан Сұлтанов, саясаттанушылар Айдос Сарым, Максим Казначеев, Ислам Кураев және Расул Жұмалы, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров, Қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев, сарапшылар Ярали Халилов, Нұрлан Махмудов, Белла Гадзиева, Ләззат Нұрқатова және т.б. бар.Кездесуде сөйлеген «Nur Otan» Хатшысы Арман Қырықбаевтың атап өткеніндей, Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай жұмысшы тобы Үкіметпен бірге екі ай ішінде, бұрынғы тәжірибе мен әлемдік трендтерді ескере, қоғамның сұраныстарын назарға ала отырып, бағдарламаны пысықтады.Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтар өткізілді, соның аясында мемлекеттік орган қызметкерлерінің де, пар…

0
0
132

Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті.

Жамбыл облысынан «Nur Otan» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізімге енетін 5 үміткер анықталдыАғымдағы жылдың 17 қарашасында «Шахристан тарихи-мәдени кешенінің» Көрме павильонында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті.Конференцияның күн тәртібінде Жамбыл облысы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасын бекіту, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру және «Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мен партияның кезектен тыс ХХVІІ съезіне делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.Конференцияны партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізді. Кезектен тыс конфе…

0
0
286