Шымкентте 40752 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген

ZOOM желісі арқылы өткен жиында «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Мейрманов Қайрат Ақмолдаұлы аталмыш бағдарлама жайлы баяндама жасады. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 40752 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз арендалық түрде «Ұлы Отан» соғысы ардагелеріне, жетім және ата-қарауынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы, жұмыс істейтін жастарға 1596 пәтер берілген. Сондай-ақ, «7-20-25» бағыты бойынша 1292 азамат, «2-10-20» бағыты бойынша 285 отбасы тұрғын үймен қамтылған. 70 көп қабатты үйге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген.
