Жастарға Елбасы жайлы баяндама оқылды
Елбасының Тәуелсіздік жылында атқарған істері, Саяси сахнадағы бастамалары, сыртқы және ішкі саясатта атқарған істері жайлы сөз еткен жиынға ОҚМПУ-дан т.ғ.к. Бахадыр Сатыбалдыұлы Алтай, ОҚУ-дан т.ғ.к., доцент Гүлнар Әмірбайқызы Жанысбекова және жастар қауымы қатысты.
Бахадыр Сатыбалдыұлы баяндама барысында «Елбасы» атағын тереңнен талдап, жастарға оның түпкі мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ, өз сөзінде: «Орыс тілінде «Лидер наций» дегенді білдіретін «Елбасы» атауы тек Нұрсұлтан Әбішұлына тән. Себебі оның ұзақ жылдар бойы ел болашағына сіңірген еңбегі, саяси сауаттылығы бізді даму даңғылына шығарып, аз уақыт ішінде экономикасы тұрақталған алып мемлекетке айналдырды», – деді. Одан әрі, тарихшы ғалым Тұңғыш Президенттің сара жолындағы «тар жол, тайғақ кешулері» жайлы тарқата айтты.
Жиын соңында Гүлнар Әмірбайқызы: «Елбасының ерең еңбегі терең дария, зерттеген сайын тереңдей бересің. Сондықтан, оның өмір жолы мен атқарған жұмыстарын, бір ғана кездесуге сыйдыра алмаймыз. Сіздерді алдағы уақытта қаладағы Рухани жаңғыру кеңсесінің ұйымдастырумен өтетін конференцияларға қатысуға шақырамыз», – деп жастарды белсенділікке шақырды.
