Nur Otan партиясы қалалық филиалының саяси кеңес мүшелері Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесті
Кездесуде "Тұрғынүйқұрылысжинақ банк" кеңесшісі Светлана Мукеева "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша шағын несие беру жолдары туралы айтты.
Бағдарламаның басты мақсаты - халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайын көтеру, елдегі жұмыссыздар санын азайту. Бұл бағдарламаға жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар қатыса алады.
Бағдарлама үш бағытта жүзеге асады.
- Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым саласында жұмыспен қамту;
- Ауылдарда жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға басымдық беру;
- Жұмыс беруші сұранысына орай тұрғындарды оқыту және жұмысқа орнастыру;
Желаев тұрғыны Гүлжамал Үмбетова кеңесшіге бизнес ашу жөнінде қойған сұрағына жауап алды.
Деркөл әкімдігі мамандары кенттегі бағдарлама игілігін көріп отырған шағын және орта бизнес иелері туралы айтты.
