Көршілес Волгоград облысының губернаторы А.Бочаровпен онлайн форматта кездесу өткізді
Өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев көршілес Волгоград облысының губернаторы А.Бочаровпен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесуде Бөкей Ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжанов және өзім қатысқан болатынмын. Облыс басшысы тарапынан екі жақты қарым қатынасты нығайту бағытында нақты ұсыныстар ұсынылды. Жәнібек ауданына қатысты айтатын болсақ, ол Жәнібек-Вишневка шекара өтпелі бекетін халықаралық деңгейге ауыстыру, сондай-ақ ауданымызда көліктік-логистикалық орталық ашу мәселесін көтерді. Болашақта халыққа қажетті көптеген мәселелер шешіледі деген жоспарда.


