Мазмұнға өту

Жаңа

Кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген әлеуметтік реформалар, кәсіподақтардың басты міндеттері бойынша мазмұнды кездесу өтті.

Жиын аясында ауылшаруашылық, мәдениет, спорт және білім саласының кәсіподақ өкілдері бас қосып, Жолдауда айқындалған басым бағыттардың орынды орындалуы үшін тиісті жұмыстар мен жоспарларды нақтыланды.

«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу», - деп Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары жиын аясында негізгі міндеттерін айқындады.

0
0
165

Медиатор тұрғындарға кеңес берді

Азаматтарға құқықтық және кәсіби көмек беру мақсатында қала тұрғындарын толғандырған мәселелерге кеңес беру үшін онлайн нұсқада кездесу өтті.Аталған бағытта "Халықаралық медиация орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы бойынша директоры, "Тәжірибелі заңгерлердің ұлттык орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы бойынша директоры Бейс Руслан Достанұлы тікелей эфир барысында тұрғындар толғандырған сауалдарға жауап берді.- Тұрғындарға тиесілі мәселелер турасындағы жанжалдарды реттеу медиация саласына бағытталады. Мәселен, кез келген мәселенің түйіні екі жақты келісім негізінде шешім табуына қолғабыс етеді. Осы мақсатта бүгінде қала көлемінде бірқатар түйіткілді мәселелер ретімен орындалуда, - деді медиатор Руслан Бейс.Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы…

0
0
185

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде, көп балалы аналардың үйлерін аралап кездесу өткізді.

Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді. Осы орайда бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының ұйымдастыруымен Партияның Саяси кеңесі мүшелері «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде, көп балалы аналардың үйлерін аралап кездесу өткізді. Басты мақсат көп балалы аналардың қазіргі жағдайда қандай өзекті мәселелері және өтініштері бар екенін білді. Балалардық онлай саб…

0
0
176

Тәуелсіздік алып, егемен ел болған 30 жыл ішінде жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктеріміз.

Өзгерістер жолыТәуелсіздік алып, егемен ел болған 30 жыл ішінде жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктеріміз халықтың көз алдында. Көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлемдік саяси аренадағы беделіміз артты. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, келешек ұрпағының кемеліне келіп, Ұлы дала елінің мәңгілік мұрагері болып қалуы жолында өзіне ел тағдыры үшін барлық жауапкершілікті жүктеген, Елбасы төрағалық ететін «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмысы да аз емес. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жан-жақты атап өтті.«30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жү…

0
0
150