Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік алып, егемен ел болған 30 жыл ішінде жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктеріміз.

Өзгерістер жолы

Тәуелсіздік алып, егемен ел болған 30 жыл ішінде жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктеріміз халықтың көз алдында. Көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлемдік саяси аренадағы беделіміз артты. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, келешек ұрпағының кемеліне келіп, Ұлы дала елінің мәңгілік мұрагері болып қалуы жолында өзіне ел тағдыры үшін барлық жауапкершілікті жүктеген, Елбасы төрағалық ететін «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмысы да аз емес. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жан-жақты атап өтті.

«30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустрияландыру және шетелден келген инвестиция өнімділікті арттыруға қозғаушы күш болды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді», - деген Елбасы бас партияның еліміздегі ең ірі саяси күш екенін де тілге тиек етті. «Құрамының сапасы бойынша «Nur Otan» бүкіл Қазақстан қоғамының кескінін көрсетеді. Сондықтан біз алдағы уақытта да мемлекетіміздің және барша жұртымыздың әл-ауқатын арттыру үшін еңбек етуге ниеттіміз» деп партияның басқару ісінде тәжірибесі мол және барлық өңірде кадрлық әлеуеті зор екеніне айрықша тоқталды. Елбасы төрағалығымен өткен партия Съезіне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан Президенті де «Nur Otan» партиясының ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналғанын сөз етті.

«Қазақстанның тұрақты даму тұрғысынан мүмкіндігі мол. Себебі бізде, ең алдымен, нақты даму жоспары бар. Оны жүзеге асыруға қаржылық ресурсымыз да жеткілікті. Жауапкершілікті сезіне алатын миллиондаған азаматтардың қолдауының арқасында біз ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, бизнес қоғамдастықты қолдап, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындай алуын қамтамасыз ете алдық. Біздің бұған қол жеткізуімізде халқымыздың дәстүрлі құндылықтары, өзара жәрдемдесу, табандылық пен жанашырлық секілді қасиеттері ерекше рөл атқарды», - деген Мемлекет басшысы жетекші партияның мәртебесі билікке қол жеткізуде емес, мемлекет пен халыққа нақты пайда тигізу мүмкіндігінде екенін атап өтті.

Сондай-ақ, алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқаны ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа тұс келгеніне тоқталып, оның символдық мәні зор екеніне назар аударды.

Съездде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысу үшін партияның 126 мүшесінен тұратын партиялық тізім бекітілді.

"Nur Otan" партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Е.Садырқұлов.

0
0
128

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік алып, егемен ел болған 30 жыл ішінде жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктеріміз. - Yvision.kz