Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде, көп балалы аналардың үйлерін аралап кездесу өткізді.

Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді. Осы орайда бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының ұйымдастыруымен Партияның Саяси кеңесі мүшелері «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде, көп балалы аналардың үйлерін аралап кездесу өткізді. Басты мақсат көп балалы аналардың қазіргі жағдайда қандай өзекті мәселелері және өтініштері бар екенін білді. Балалардық онлай сабақ оқу кезінде не жетіспейтінін қандай көмек керек екенін біліп қайтты.

0
0
154

Осы тақырып бойынша

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде, көп балалы аналардың үйлерін аралап кездесу өткізді. - Yvision.kz