Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медиатор тұрғындарға кеңес берді

Азаматтарға құқықтық және кәсіби көмек беру мақсатында қала тұрғындарын толғандырған мәселелерге кеңес беру үшін онлайн нұсқада кездесу өтті.

Аталған бағытта "Халықаралық медиация орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы бойынша директоры, "Тәжірибелі заңгерлердің ұлттык орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы бойынша директоры Бейс Руслан Достанұлы тікелей эфир барысында тұрғындар толғандырған сауалдарға жауап берді.

- Тұрғындарға тиесілі мәселелер турасындағы жанжалдарды реттеу медиация саласына бағытталады. Мәселен, кез келген мәселенің түйіні екі жақты келісім негізінде шешім табуына қолғабыс етеді. Осы мақсатта бүгінде қала көлемінде бірқатар түйіткілді мәселелер ретімен орындалуда, - деді медиатор Руслан Бейс.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілді.

0
0
160

Осы тақырып бойынша