Мазмұнға өту

Жаңа

Қала жастарымен жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесу.

Приозерск қалалық филиалының конференц залында депутаттық фракция мүшесі Әбдімуталипов Мұса Жәлиұлы қала жастарымен жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Бүгінгі кездесудің басты мақсаты: ​ жұмыспен қамтуға өзіндік көзқарасы бар жастар арасында сұрақ жауап ұйымдастыру . Жастардың өмірінде және олардың қала өміріндегі рөлін талқылау. Жастардың болашақа қойған жоспарларымен танысу, олардың жұмыс орындарын дамыту бойынша пікірлерін, ұсыныстарын тыңдау, жас жұмысшылардың кәсіби қызметі мәселелерін шешу жолдарын қарастыру.

​ ​ ​ ​ ​ Осы кездесу барысында жастар өздеріне маңызды сұрақтар қоя алды, сонымен қатар олар өздеріне пайдалы түсініктемелер ала отырып, өзекті мәселелерді талқылады.

0
0
187

ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

Бүгінгі мереке - ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын! Елордамыз не деген сұлу! Неткен тамаша көрініс! Бұл - Елбасының ерен еңбегінің бір ғана бөлшегі деп білемін! Кез келген елдің алдында осындай астанамыз - Нұр-Сұлтан қаласы бар деп мақтанышпен айта аламыз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге елдің жетістіктері көп болсын! Мерекелеріңізбен!

0
0
106

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы баяндалды

Жиын барысында жыл басынан бері партиялық жауапкершілікке тартылған мүшелер туралы баяндалды. Сонымен қатар, партияның Жарғысы мен Әдеп кодексін әрбір партия мүшесі ұстануы қажет екені ескертілді.

Бұған қоса, «Nur Otan» партиясының 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асыру барысы туралы баяндалып, отырысқа қатысушылар тарапынан пікірлер айтылды.

0
0
195

"Бақытты отбасы"

Бүгін 27 қараша күні аудандық мәслихат депутаты,аудан бойынша іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.С.Камзаева онлайн жүйесі арқылы“Nur Otan” партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында аудандағы көп балалы аналармен кездесті.

0
0
106

"Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан"

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясаты, даналығы мен көрегендігінің арқасында үлкен жетістіктерді бағындырғанымыз ақиқат. Елбасының ерлігін, Тәуелсіздікке қол жеткізгендігін, бейбіт елдің тыныштығы үшін нағыз күрескер болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде: "Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан" деген болатын. Расында да сан жылдар ата-бабамыздың қанымен, білектің күшімен, найзаның ұшымен келген қасиетті Тәуелсіздігімізді қастерлеу, сақтау азаматтық борышымыз! Елде тыныштық болса, береке-бірлік болады. Елде татулық болса, халықтың жүгі жеңілдейді. Мен Тәуелсіз елдің болашағына сенемін! Елдігім мен еркіндігіме бас иемін. Біз Алаш арыстарының ұрпағымыз! Біз кешегі Мағжан сенген жастармыз! Дамудың даңғыл жолын әр жас, әр адам өзінен б…

0
0
186

Шағын және орта бизнес кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен ZOOМбағдарламасы арқылы онлайн кездесу өтті

Бүгін “Nur Otan”партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын және орта бизнес кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен ZOOМ бағдарламасы арқылы онлайн кездесу өтті.Кездесуде “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының Шыңғырлау ауданындағы филиалының директоры Б.Ө.Нармағамбетов шағын және орта бизнес саласына қатысты несиелер туралы,Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Б.Қаражанов кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы баяндады.Бүгінгі таңда жастарымыз шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік гранттар мен несиелерге қатысуға ынталы.Сондықтан аталған ұйымдар ауданымызда шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетуге әзір.#NurOtan #кәсіпкерлік

0
0
114

Семейде мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және жолын кесу мақсатында Семей қаласының мониторингтік топтарымен ( құрамында полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері ) күн сайын карантиндік нормалардың және ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының бұзушылықтарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар күнделікті өткізіледі.Ағымдағы жылдың 30 қарашасы Семей қаласының Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері Әкімшілік кодекстің 425 бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырып, тіркелген 3заң бұзушылық фактісіне айыппұл салынды. Осылайша, 26 қарашада Би-Боранбай көшесі, 43 мекен-жайында орналасқан «Меркурий» (Серікбол) мейрамханасының иесіне отбасылық мерекелік іс-шара (қыз ұзату) өткізгені үшін айыппұл салынды. Сонымен бірге, үйінде салтанатты шара өткізген 1967 ж…

0
0
223